Тоғызқұмалақтың электрондық нұсқасын жасаған

Жуырда «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанған, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Бағлан Төлебай тоғызқұмалақ ойынының электрондық бағдарламасын жасады. «Алда да осындай ұлттық жобаларды іске асыру үшін ең алдымен компьютерлік технологиялардың «жілігін» шағуым керек» дейді жас дарын. Бағланның бойындағы талантты танып, оны ғылым жолындағы алғашқы адымынан қанаттандыруды өзімізге парыз санадық.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 956 0

«Байқоңыр» командасына құрмет көрсетілді

Облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев «Байқоңыр» футбол клубын қабылдап, екінші лигада жеңіске жеткендері үшін марапаттады.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 819 0

ЖАСТАР БАСҚАРҒАН ЖАҢА ӨНДІРІС

Жыл басында ашылып, іске қосыл­ған бұл жаңа зауыт туралы аймақтық, республикалық ақпарат құралдары ке­­зінде хабарлар берді. Әңгіме, авто­көліктердің ескірген жарамсыздоңға­лақтарын механикалық қайта өңдеуден өткізу арқылы сұранысқа ие, бүгінгі күнге қажетті дүниелер шығарып жатқан «Smart rubber» ЖШС туралы болып отыр. Әйтсе де, бүгінгі мақаламызда осы өндіріс жайлы бұған дейін оқырмандарға жетпеген жайларды қамтуға тырыстық.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 869 0

ҚАҺАРМАНДАР РУХЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ардагерлер кеңесі қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде марқұм болған әріптестерін еске алып, ас берді.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 778 0

СЫР ЕЛІНДЕ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛМАҚ

8-9 қазан күндері Сыр елінде түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық дәстүрлі музыкалық өнер фестивалі өтеді деп күтілуде. Оны Қызылорда облысы әкімдігі мен халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы ұйымдастырып отыр.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 998 0

ІЗГІЛІК МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қасиетті Құрбан айт мерекесі күні арайлап атқан таңмен бірге орталық "Ақмешіт-Сырдария” мешітіне ізгілік пен адалдықты ұлықтап, заман мен ел тыныштығын, отбасы мен Отанның бірлігін тілеген жамиғат көп жиналды.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 750 0

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

Үстіміздегі жылдың 3 қазанында Мәскеу қаласында К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Жиынға университет оқытушылары мен осы оқу орнында білім алып жатқан қазақстандық студенттер мен магистранттар қатысты.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 710 0

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛДЫ

Елбасы тапсырмасына орай Үкімет "Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасын қабылдағаны белгілі. Соңғы жылдары осы бағдарлама аясында облысымызда кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде жүздеген отбасылар жайлы баспанамен қамтамасыз етілді. Бір биылдың өзінде осы бағдарламаны іске асыру мақсатында 7,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда 1,8 млрд. теңгеге артық.
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 1 076 0

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ЕЛ ИГІЛІГІНІҢ БАСТАУЫ БОЛУЫ ТИІС

Кеше Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформация форумына қатысты.  
АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 774 0

БЕТПЕРДЕЛІ ҚАРАҚШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

26 қыркүйек күні таңғы сағат 3:55-те Шиелі кентіндегі букмекерлік кеңсенің кассир-операторы аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне қоңырау соққан. Оның айтуынша, сол түні 2 сағат 40 минут шамасында бетперде киіп, шолақ мылтықпен қаруланған белгісіз азамат шабуыл жасаған. Сөйтіп кассадағы 322 мың теңгені қалтаға басып, ізін жасырған.
АҚПАРАТ 02 қазан 2014 г. 781 0