ӘДЕБИЕТ 04 сәуір 2020 г. 716 0
Абайдың рухани ілімі

Абайдың рухани ілімі

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы, еліміздің рухани дамуына, оның болашағына жол көрсететін темірқазық жұлдыз болды. Қазір дүние мүлдем өзгерген. Ал қоғамдық ғылымдар да дағдарыс үстінде, оны шешудің бірден-бір тәсілі – ұлы данышпан Абай көрсеткен рухани жолы.    
ӘДЕБИЕТ 02 сәуір 2020 г. 1 778 0

Ауылдағы жеңешем

Белгілі жазушы, жерлес ағамыз Адам (Ұзақбай) Мекебаевтың «Аралдағы жеңеше-ай» дейтін өлеңі бар. Әнін Нұрғиса Тілендиев жазған. Адам ағам – біздің елдің азаматы, Сыр бойының жігіті. Алматы қаласында тұратын қатар-құрбылар бас қосқанда осы әнді айтамыз. Ән салуға бейім, өнерлі отбасы Алдаберген Оспанов пен Роза Қыраубаева жалпы әнді нақышына келтіріп орындайды. Осы әнді тіпті жандырып айтады. Алдекең әлеуметтік желіден белгілі, танымал жұлдыздар – Ақыл Алдаберген мен Диана Алдабергеннің әкесі.
ӘДЕБИЕТ 30 наурыз 2020 г. 794 0
Ауылдағы әжелер

Ауылдағы әжелер

Сұрапыл соғыстың тынар түрі жоқ. Биыл үшінші жылдан асты. Елдегі еңсе көтерген азамат атаулы майданда. Қала берді, еңбек армиясы деген бар. Бір ғана біздің ауылдан отыз шақты адам мына Қарағанды, Донбасс шахтасында жүр. Елде өңшең кәрі-құртаң шал мен кемпір. «Бәлтік» маңайындағы қыстауда Қаржаубай, Көмірбай, Таңат, Тапал атты ақсақалдар бар. Ал, «Ортақшыл» мен Сталин, Молотов атындағы колхозда Әлшағыр, Қилыбай, Ысқақ, Жамһүр, Құнанқара аталарды көреміз. Көп әжелеріміз жастай жесір қалып, қиын сәттерді бастан өткізіп жатты. Колхоздың сан алуан шаруасында қайнаған еңбек. Жауды жеңеміз деген патриоттық сезім бойды билейді.
ӘДЕБИЕТ 27 наурыз 2020 г. 1 125 0
Ғасыр   Абай

Ғасыр Абай

 Өлеңдері ескірмес, асыл – Абай,Нәрі ерекше, солмайтын, жасыл – Абай,«Қара сөзі» бағдаршам,  кие-шырақ,Бәрімен де замандас ғасыр – Абай. Сазды әуені – өңезі тіршіліктің,Өзегіне шырындай татыр, Абай.Ақыл-ойдың теңізі адамзатқа,Жауhар сыйлап, әнекей, жатыр Абай!
ӘДЕБИЕТ 27 наурыз 2020 г. 840 0
Тау тұлғалы Тұрмағамбеттің өлең жолдары

Тау тұлғалы Тұрмағамбеттің өлең жолдары

Көп екен көргенімнен көрмегенімКөп екен көргеніңнен кермегенің, Жақсы екен бәрінен де өлмегенің! Болғасын атың — Адам, асылың — лай, Бола ма бақылауға көнбегенің.
ӘДЕБИЕТ 22 наурыз 2020 г. 986 0
Басты парыз

Басты парыз

(Әңгіме) Олар көрші тұрды. Екеуі де шаруаның балалары, бір жылғы төл. Ауыл мектебінде қатар отырып, білім алды. Жеті сыныптан кейін  қаладағы интернатта оқыды. Біреуі Алматы, екіншісі Мәскеу институтын тәмамдады. Содан бері туып-өскен ауылын көрген емес. Өйткені, жоғары оқу орнына түскен жылы ата-аналары қалаға қоныс аударған еді.
ӘДЕБИЕТ 21 наурыз 2020 г. 623 0
Тіл тағдыры таңбаға да қатысты

Тіл тағдыры таңбаға да қатысты

Адам баласы өзіне дейін жасалған, іске асырылған, өмірге енгізілген игіліктердің бәрін табиғи деп қабылдайтын мінезге ие. Сондықтан да болар, қазір қазақ қоғамында қаріп ауыстыруға қатысты пікірлер екіжақты. Әрине, дамуға ұмтылған қоғамда жалғыз пікірге бас шұлғып, «сенікі жөн» дей беру жөн емес. Бәрін де ортақ кеңеске салып, кеңінен талқылап шешкен абзал.
ӘДЕБИЕТ 14 наурыз 2020 г. 764 0
Абай – пірі қазақтың

Абай – пірі қазақтың

Абай ұлы, Абай – пірі қазақтың, Уақытында уын ішкен азаптың. «Қайран қазақ, қайран елім» деуменен, Арқалаған батпан ауыр азап-мұң.
ӘДЕБИЕТ 11 наурыз 2020 г. 747 0
Қазіргі қазақ прозасы мен драматургиясындағы бетбұрыс

Қазіргі қазақ прозасы мен драматургиясындағы бетбұрыс

 Көркем әдебиет – өз заманының сөзбен түзілген «көзі мен құлағы» ғана емес, сол кезеңнің көркем тілмен кестеленген айшықты айнасы. Әдебиет кезең-кезеңімен алмасып отырар мәртебелі уақытқа ілесе-үндесе білмесе, заманының қалтарыс-қатпарына барынша үңіле алмаса, онда ешқашан өміршең болмақ емес. Мәселе – оның белгілі бір кезеңдер аралығындағы тарихи оқиғаларды және бетбұрыстарды тізіп жазып, өзінше өрнектеп беруімен өлшенбейді, керісінше сондай аумалы-төкпелі уақыттағы кісі мінезінің құбылуы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың соншалықты күрделеніп-шиелене түскенін дөп басып айта алуында!
ӘДЕБИЕТ 09 наурыз 2020 г. 456 0