Дүние жүзіне тараған коронавирус індеті біздің елімізге де келе бастағанда «қалай болар екен?» деп уайымдағанымыз рас. Бірақ «бізге жете қоймас» деген ой басым болды. Осылайша бейқам жүргенімізде аты жаман ауру біздің ауылға да жетті. Әдепкіде онша елемеп едік, кейіннен қорқып қалдық. Ауылда 44 адам ауруға шалдықты, жүзден астамы олармен қарым - қатынаста болып, оқшауланды. Ауылымыз тұтастай карантинге жабылды. Аудан, облыс орталығымен қатынас тоқтады. Тұрғындар көшеге де шықпайтын болды. Ауылға кіреберіске тосқауыл бекеті қойылып, ешкімнің сыртқа шықпауы, сырттан кірмеуі қатаң қадағаланды. Қамсыз отырған ауыл тұрғындары үшін бұл жағдай оңай болған жоқ. Бірақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай қиын сәтте бізді көп болып қолдады. Облыс, аудан орталығынан тиісті сала мамандары, медицина қызметкерлері келіп, тұрғындарды сабырға, төтенше жағдай талаптарын орындауға шақырып, ақпараттық, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Алғашқы науқас тіркелісімен-ақ, ауылда тынымсыз тірлік басталып кетті. Бар үмітіміз ең алдымен ақ халаттыларда болды. Індет ілмегіне іліккендер мен олармен байланыста болғандарды жедел жәрдем көлігімен ауданға, облыс орталығына алып кетіп жатты.
ҚОҒАМ
05 мамыр 2020 г.
1 153
0
Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының жарылуы салдарынан аталған көршілес ел мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне үлкен зиян келді. Бұл жағдайдың Қызылорда облысына әсері қандай? Сырдария арқылы келетін су мөлшеріне ықпалы бар ма?
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2020 г.
624
0
Күллі елдің басына түскен жағдай өнер адамдарының жүрегіне түсті.
ҚОҒАМ
05 мамыр 2020 г.
1 190
0
Коронавирус инфекциясы дәл бүгінгідей салдарға әкеп соқтыратынын ешбір ел күткен жоқ, сәйкесінше дайын болмады. Бірақ бірқатары жағдайды бақылауға алды, кейбір елдер індеттің таралуына тосқауыл қоя алмай қалды. Әзірге вакцинасы табылмаған кеселді ауыздықтау үшін көптеген елдер карантин шараларын қатаңдатқаннан басқа амал таппады. Халықаралық медицина кластері қорының сарапшылары Я.Ашихмин мен Ф.Филинаның баяндамасындағы деректерге қарағанда, пандемиямен күресте адамдардың өз-өзін қалай ұстайтыны маңызды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2020 г.
409
0
PDF
04 мамыр 2020 г.
196
0
Ертеңнен бастап Қызылордада коммуналдық қызмет ақысы есебінде 15 мың теңге беру үшін өтініш қабылданады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Е. Бердібаев мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2020 г.
2 030
0
Ауыл шаруашылығы - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі бірден бір әлеуметтік-экономикалық маңызы зор сала әрі тұрақтылық кепілі.
Білім
04 мамыр 2020 г.
624
0
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Қан майданда қарша бораған оқ пен оттың ортасында болған майдангерлерге облыстық ардагерлер кеңесі құрмет көрсетті. Қызылорда қаласында көзі тірі 8 ардагер бар. Кеңес төрағасы Серік Дүйсенбаев бастаған азаматтар олардың әрбірінің шаңырағына барып, сый-сыяпат табыстады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2020 г.
580
0
Қызылорда облысында полицей төрт жастағы жоғалып кеткен баланы тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2020 г.
497
0
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2020 г.
642
0