Елордада әйеліне бензин құйып өртеген ер адам сот алдында жауап бере бастады. Прокурорлар сотталушыны мұндай адамшошырлық іске алдын ала дайындалған дейді. Бірақ күдікті бұл айыппен келіспейді. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 наурыз 2020 г.
269
0
Халықаралық хоккей федерациясы коронавирустың таралуына байланысты наурыз айындағы 6 халықаралық турнирдің өтпейтінін мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 наурыз 2020 г.
205
0
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 наурыз 2020 г.
395
0
Қызық пен шыжық, балғын балалық шақ, сенім мен үміт, кіршіксіз көңіл мұның бәрі - ауылдың ажарын ашып тұратын сырлы сезімдер. Қой қуалап жүрген бала, мыңғырған мал, шулы өзен, нулы тоғай, ашық аспанда еркін самғаған түрлі құстар - бұл ауылдың ажарлы келген тұмса табиғаты. Шіркін, қандай керемет десеңші. Қымыз бен қымыран, шұбат пен айран қайран елдің, қаймағы бұзылмаған қазақтардың ұлттық тағам өнімдері. Осы қатарды толықтырып тұратын ауылда түрлі тамаша бұйымдар мен құралдар, ерекше естеліктер бар. Өкініштісі, соның көбі бүгінде ұмытылып бара жатыр. Құмға сіңген судай замана айдынынан жоғалу үстіндегі ауыл тұрғындарының көп пайдаланатын дүниелері жайында сыр шерткенді жөн санадық. Себебі, ұлттық құндылықтардың бірсыпырасы сол ауылдағы қарашаңырақтың төңірегінде топтасып жатыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 наурыз 2020 г.
788
0
PDF
02 наурыз 2020 г.
219
0
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде білім саласындағы жаңа басқару жүйесі мен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және облыс аумағында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарының сақталу жайы қаралды. Сонымен қатар, 2020 жылға арналған халық санағын өткізуге дайындық жұмыстары туралы айтылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2020 г.
709
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталындағы сұхбатын оқып шықтым. Қоғамды толғандырған бірқатар мәселеге байланысты пікір білдірген Мемлекет басшысы Қазақстан достық пен келісім аумағы болғанын және солай болып қала беретінін нақтылаған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2020 г.
746
0
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ұжымымен кездесу өткізді. Ол кездесудегі негізгі мақсат департаментте тергелген қылмыстық іс бойынша департамент тергеушісінің Қылмыстық кодекске сәйкес енгізген ұсынысын қарау екенін жеткізді. Талқылауға алаяқтық және парақорлыққа итермелеу фактісі негіз болды. Басқарманың бұрынғы қызметкері Қызылорда қаласында салынып жатқан тұрғын үйлерге пәтерлерді бөлу барысында көмектесемін деп қаланың бірнеше тұрғынына уәде беріп, алаяқтық жолмен ақша алған.
АҚПАРАТ
02 наурыз 2020 г.
228
0
Пластик немесе қауырсын ыдыстың адамға зиян екені белгілі. Оның айтылып жүргеніне де біраз болды. Пластиктің құрамында «бисфенол А» атты химиялық қоспа болады. Ол адамның миы мен ұрпақ өрбіту жүйесіне зиян. Онкологиялық аурулардың қозуына да себепші болуы мүмкін. Американың Миссури университетінің ғалымдары «бисфенол А»-ның орнына басқа бір химиялық қоспа қосып, адам ағзасына зиян тигізбейтіндей етіп пластик жасаудың жолын іздеп көрген екен. Оның амалын тапқан да көрінеді. Тамақ салатын контейнер мен су құятын ыдыстың бәрін «бисфенол А»-ның орнынан «бисфенол S»-ті қосып көрген.
АҚПАРАТ
02 наурыз 2020 г.
608
0
«Ең қорқыныштысы, бұл романда дерт 2020 жылы пайда болады және вирус «Ухань-400» деп аталады, ол зертхана орналасқан қаланың құрметіне қойылған» деп жазады South China Morning Post.1981 жылы Дин Кунцтің «Ухань-400» вирусы тудырған ғаламдық індет туралы ғылыми-фантастикалық романы жарық көрген. Қазір сарапшылар «Кітап авторлары болашақты қалай болжай алды?» деп жатыр, - деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 наурыз 2020 г.
1 767
0