Ипотекалық несиелер үш айға шегерілетін болды

Қазақстандықтарға ипотекалық төлемдерді үш айға кейінге қалдыру ұсынылды. Бұл туралы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 811 0

Қазақстандықтарға кредитті кейін төлеуге мүмкіндік берілді

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар үшін кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды салмау жөніндегі шектеуге қарамастан негізгі қарызды төлеу және займдар бойынша сыйақы беруді тоқтату қажет", - деді ол төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында. Сонымен қатар президент көптеген қазақстандық жағдайдың қиындығына байланысты ломбард, онлайн кредит, микроқаржылық ұйымдарға барып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл саладағы жағдайды бақылауда ұстау қажет."Сондықтан бұл саланы тәртіпке келтіру маңызды. Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі, бас прокуратура, ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң сақталуы үшін ауқымды акция жүргізіп, заң бұзушыларды жауап тартуды тапсырамын. Бұл БАҚ-та және әлеуметтік желіде жариялануы қажет. Қиын жағдайда қазақстандықтар құқығының мемлекет қорғайтынын білуі маңызды", - деді мемлекет басшысы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 919 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті әріптестер! Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармауымыз керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 419 0
Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейне байланыс арқылы қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 381 0

Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың 90% жазылып шыққан

Қытайда коронавирус жұқтырған науқастардың 90%-ы ауруынан айықты, деп хабарлады РИА Новости.Қазір елде 5120 адам науқастанып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайда жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 81 мың адамға жетті. Оның 72,7 мыңы ауруханадан жазылып шыққан. Эпидемия басталғалы Хубэй провинциясын қоспағанда Қытайда 13 293 адамның ауруға шалдыққаны, 117 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Өлім-жітім деңгейі 0,88 пайызды құрады. Ауру ошағына алған Хубэйде 67800 адам вирус жұқтырды, оның 3153-і қайтыс болды. Өлім-жітім деңгейі 4,65 пайызды құрады. Бұдан бөлек, Шанхай билігі COVID-19 вирусына байланысты жарияланған Төтенше жағдайдың ең жоғарғы деңгейін төмендетті. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60 адамға жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді. BAQ.KZ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 357 0

Алматылық әнші Италияда ерекше концерт қойды

Алматыдан Италияға келген опера әншісі Анастасия Кожухарова өзінің үйіндегі балконынан концерт қойып, қошеметке ие болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 369 0
Білім саласының кәсіподақ мүшелері қайырымдылық көрсетті

Білім саласының кәсіподақ мүшелері қайырымдылық көрсетті

Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өздерінің аз қамтылған 362 отбасына 5 430 000 теңге тұратын азық-түлікпен көмек көрсетті.Аталған ұйым әлемді алаңдатқан коронавирус кезінде бастауыш кәсіподақ ұйым төрағаларымен жедел түрде тікелей байланысып, аз қамтылған 362 отбасының әрқайсысына 15000 теңге көлемінде азық-
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 451 0
Шиеліде еріктілер бетпердені тегін таратты

Шиеліде еріктілер бетпердені тегін таратты

Шиелі ауданының ерікті жастарының ұйымдастыруымен, "Тоғжан" тігін цехында және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің тігін цехында тігіліп жатқан бетперде (маска) арзан бағада алынып, аудан тұрғындарына тегін үлестірілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 426 0
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Алматыда тағы 1 адамнан коронавирус шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 464 0
Медициналық-бақылау бекеттерінің жұмысы қауырт

Медициналық-бақылау бекеттерінің жұмысы қауырт

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында медициналық-бақылау бекеттері Түркістан, Ақтөбе, Жезқазған және Жаңақорған-Балтакөл бағыттарындағы автожолдарда орналасқан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 442 0