Алматылық әнші Италияда ерекше концерт қойды

Алматыдан Италияға келген опера әншісі Анастасия Кожухарова өзінің үйіндегі балконынан концерт қойып, қошеметке ие болды.

Әнші екі аптадан бері Флоренцияда карантинге жатқызылған. 22 наурыз - әншінің туған күні.

"Қымбатты достарым, құттықтауларыңыз үшін алғыс білдіремін! Отбасымнан, туған жерден алыс жүргенде достар сіздердің құттықтауларыңыз болмағанда
менің туған күнім тағы бір күннің біріне айналар еді. Сондықтан бүгін балконға шығып, сіздерге сыйлық ретінде Ave Maria-ны орындап ( шынында сөздерін ұмыты қалдым), оны видеоға түсіріп алдым. Адамдар таңырқай қарап, балкондарына шығып әнімді тыңдады. Сонымен қатар, Тосканың ариясын шырқадым, - деп жазды Кожухарова Facebook-тегі парақшасында.

Анастасия Кожухарова - Венадағы Мальер филармониясының солисі, сонымен қатар Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 380 0