Елжан Біртанов коронавирустан емделген бірінші қазақстандықтың ауруханадан қашан шығатынын айтты

Осы аптаның соңында коронавирустан емделген қазақстандықтар ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Белгіленген алгоритмге сәйкес, науқастарға 14 күн бақылау жасаймыз. Ауырған адамдардан сол 14 күннің ішінде бірнеше рет қан сынамасын алып, емдейміз. Кейбір азаматтар жеңіл жағдаймен жатыр, ешқандай симптомдары жоқ. Оларды бақылап, жағдайлары дұрыс болса осы аптаның соңына қарай ауруханадан шығарып, үйлеріне жібереміз. Құдай қаласа емделді, дені сау, жағдайы жақсы деп шығарамыз»,- деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 528 0

Тағы екі облыстан індет жұқтырғандар анықталды

Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағаттағы жағдай туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді.Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді. BAQ.KZ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 484 0

Карантин

Біз көптен бері науқаспыз. Біздің дерт агрессия, көреалмаушылық, дөрекілік, надандық, немқұрайлылық, жек көру, құнығу, жалған сөйлеу, екіжүзділік... Егер карантин жасаса, адамзат баласын тек коронавирустан сақтау үшін емес, бәрімізді жалпы карантинге отырғызу өзекті мәселе болғаны. Бірақ ол карантиннің себебі басқа.
ТАНЫМ 24 наурыз 2020 г. 796 0

Қазақстанда коронавирус шырқау шегіне жетіп, қашан төмендейді?

Сәуір айының ортасына қарай коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері төмендей бастауы тиіс. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Төтенше жағдай режімін ұзарту эпидемиологиялық жағдайға, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына байланысты болады. Біз 15 сәуірге қарай вирусқа шалдығу төмендей бастайды деп үміттенеміз. Мұндай жағдайда шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтын болады. Біз мемлекеттік комиссияда күн сайын бұл ахуалды қарастырып отырамыз. Дегенмен, жағдай теріс өрбитін болса, онда төтенше жағдай режімінің ұзартылатындығы сөзсіз», - деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода. Оның атап өтуінше, болжамға сәйкес, сәуір айының алғашқы он күнінде коронавирусқа шалдығу дерегі шырқау шегіне жетуі мүмкін. «Дегенмен, қабылданған карантиндік шаралар біздің есептеуімізше аурудың таралуын шамамен 50 пайызға төмендетіп отыр. Сондықтан карантиндік шараларды сақтау барынша маңызды және ол мұнан ары да қатаңдатылуы мүмкін. Оны кеше Президентіміз де айтқан болатын. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді», - деді Елжан Біртанов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 479 0
Қызылордалық ғалымдар антисептик әзірлеуде

Қызылордалық ғалымдар антисептик әзірлеуде

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов облыстағы дәріхана иелері және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлермен кездесті.  Қазір бетперде және антисептик сынды медициналық бұйымдар тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Тапшылықты болдырмау мақсатында облыс әкімі ертеңнен бастап кәсіпкерлерге арзан бағада бетперде тігіп, оны дәріханалар арқылы халыққа ұсыну қажеттігін тапсырды. Қазіргі таңда "Dalatex" тігін фабрикасы №50 дәріханамен келісім-шартқа отырып күніне 10 мың данадан аса бетперде ұсынады. Ал белгілі кәсіпкер Аида Керімқұлова күніне 1000-1500 дана тауарды "Аңсар" дәріханалар желісіне жеткізеді.  Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары антисептиктердің тапшылығын ескеріп, арнайы құтыға құйылған залалсыздандыратын сұйықтық әзірлеуде. Аймақ басшысына антисептик шығаратын кәсіпкерлер өңірде этил спиртінің тапшылығы туындап отырғанын жеткізді. Осыған байланысты, Қуанышбек Ысқақов жауапты сала жетекшілеріне өнімді 2 күн ішінде өзге аймақтардан әкеліп беруді міндеттеді. Тек сатылымға шығарылатын тауар халыққа қолайлы бағада ұсынылуы тиістігін ескертті.  "Осындай төтенше жағдай кезінде біз бірігуіміз қажет. Халық үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Маска мен антисептиктердің бағасын шарықтатып пайда көру деген болмасын. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі құбылыс. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болу. Оған біздің толық мүмкіншілігіміз бар. Әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 1 096 0

Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 513 0
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 411 0
Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары бір жылғa, 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Олимпиада комитеті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 434 0
Үкімет алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізеді

Үкімет алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды, - деп хабарлайды primeminister.kz.
Экономика 24 наурыз 2020 г. 492 0
Коронавирус: Қызылордада жалған ақпарат таратқан 2 тұрғын қамауға алынды

Коронавирус: Қызылордада жалған ақпарат таратқан 2 тұрғын қамауға алынды

Қызылорда облысының екі тұрғыны әлеуметтік желі арқылы аймақта коронавирус жұқтыру оқиғалары болғандығы туралы жалған ақпарат таратқан. Қазір олар қамауға алынған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 643 0