Демалыс күндері 25 градусқа дейін аяз болады –Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК 21-26 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік аймақтарына Ираннан жылы циклон өз әсерін тигізуде, осы циклонмен байланысты жаңбыр күтіледі. Алайда, республиканың батыс бөлігіне Исландиядан суық антициклон әсер етеді, бұл антициклон шығысқа жылжып, жауын-шашынның тоқтауына және Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 5 градус аяз-3 градус жылыдан 12-25 градус аязға дейін, оңтүстік бөлігінде – 2-12 градус жылыдан 3 градус аяз-2 градус жылы, кей жерлерде 6-11 градус аязға дейін төмендейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 910 0

Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бірлесіп, COVID-19 коронавирусына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 388 0

Төтенше жағдай: Алаяқтардан қалай қорғану керек?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға төтенше жағдай кезінде алаяқтардың әрекеттері көбеюі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 348 0

Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың саны 52-ге жетті

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 оқиға тіркелді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 408 0
PDF 20 наурыз 2020 г. 349 0
Жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды

Жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды

Қазақстанның бас санитар дәрігер қызметіне Айжан Есмағамбетова тағайындалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі."Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы мемлекеттік бас санитар қызметіне тағайындалды", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.Айта кетейік, осыған дейін бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин қызметінен кеткен болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 396 0
Барлық азаматтық қоғам өкілдеріне!

Барлық азаматтық қоғам өкілдеріне!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетіне байланысты Қазақстан халқына үндеуі жасап, маңызды және мақсатты бастама көтерді.Үндеу мемлекет мүддесі мен ел азаматтарының денсаулығын қорғау үшін және індеттің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды қамтыған.Коронавирус індетінің күннен-күнге өршуі адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, ел экономикасына да кері әсерін тигізуде.Сондықтан, барша әлемге, елімізге төніп тұрған үлкен қауіп-қатерге қарсы тұрып, осындай қиын сәтті бір ел, бір қоғам болып, бірге өткеруге және Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл әрі нақты шараларды қолдауға шақырамын.Бұл мақсатта Сыр өңіріндегі азаматтық қоғам институттарын жергілікті тұрғындар арасында коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған шараларды қолдауға және әлеуметтік мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында қаржылай көмек көрсетуге шақырамын.Жиналған қаржы коронавирус инфекциясының залалын азайту және ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында өңірде қабылданатын шараларға жұмсалатын болады.Құрметпен, Абдрахимова Сапура Зайтжанқызы«Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорыИИК: KZ22563N350000077412БИН: 140140010711АО «Казпочта»БИК: КРSTKZKAКбе: 188777 454 29 00
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 446 0
Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Жандарбек Бекшин бас санитар дәрігер қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі."Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары болып қалдым", - деп хабарлады ол.Жандарбек Бекшиннің орнына кім келгені әзірге белгісіз.Ол 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып 2019 жылдың маусымында тағайындалған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 594 0
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 375 0
Алматыда коронавирус жұқтырған пациенттердің жағдайы жақсара бастады

Алматыда коронавирус жұқтырған пациенттердің жағдайы жақсара бастады

Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев вирус жұқтырған 3 адам туралы онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 523 0