Барлық азаматтық қоғам өкілдеріне!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетіне байланысты Қазақстан халқына үндеуі жасап, маңызды және мақсатты бастама көтерді.
Үндеу мемлекет мүддесі мен ел азаматтарының денсаулығын қорғау үшін және індеттің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды қамтыған.
Коронавирус індетінің күннен-күнге өршуі адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, ел экономикасына да кері әсерін тигізуде.
Сондықтан, барша әлемге, елімізге төніп тұрған үлкен қауіп-қатерге қарсы тұрып, осындай қиын сәтті бір ел, бір қоғам болып, бірге өткеруге және Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл әрі нақты шараларды қолдауға шақырамын.
Бұл мақсатта Сыр өңіріндегі азаматтық қоғам институттарын жергілікті тұрғындар арасында коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған шараларды қолдауға және әлеуметтік мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында қаржылай көмек көрсетуге шақырамын.
Жиналған қаржы коронавирус инфекциясының залалын азайту және ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында өңірде қабылданатын шараларға жұмсалатын болады.
Құрметпен, Абдрахимова Сапура Зайтжанқызы
«Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қоры
ИИК: KZ22563N350000077412
БИН: 140140010711
АО «Казпочта»
БИК: КРSTKZKA
Кбе: 18
8777 454 29 00
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 458 0