Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Жандарбек Бекшин бас санитар дәрігер қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары болып қалдым", - деп хабарлады ол.
Жандарбек Бекшиннің орнына кім келгені әзірге белгісіз.
Ол 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып 2019 жылдың маусымында тағайындалған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 603 0