« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталындағы сұхбатын оқып шықтым. Қоғамды толғандырған бірқатар мәселеге байланысты пікір білдірген Мемлекет басшысы Қазақстан достық пен келісім аумағы болғанын және солай болып қала беретінін нақтылаған.
«Біздің ұранымыз – сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелдіктер бізді «қазақтар» деп біледі. Өйткені, біздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзбен астасып жатыр», – делінген сұхбатта.
Иә, қазақ жері біздің әуелден ата жұртымызға айналды. Сонымен қатар, ұлы даланың иесі қазақ екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы кезге дейін барлық ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқымен татулықта, бірлікте, достықта өмір сүріп келдік және солай жалғасуы тиіс.
Ұлтаралық келісім мен халықтың бірлігі – қазақстандықтар үшін ең маңызды басымдық. Сондықтан, мемлекетте бейбітшілік пен тыныштықты сақтау және нығайту өте маңызды.
Юсуп САИДОВ,
облыстық шешен этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |