Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың 90% жазылып шыққан

Қытайда коронавирус жұқтырған науқастардың 90%-ы ауруынан айықты, деп хабарлады РИА Новости.Қазір елде 5120 адам науқастанып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайда жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 81 мың адамға жетті. Оның 72,7 мыңы ауруханадан жазылып шыққан. Эпидемия басталғалы Хубэй провинциясын қоспағанда Қытайда 13 293 адамның ауруға шалдыққаны, 117 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Өлім-жітім деңгейі 0,88 пайызды құрады. Ауру ошағына алған Хубэйде 67800 адам вирус жұқтырды, оның 3153-і қайтыс болды. Өлім-жітім деңгейі 4,65 пайызды құрады. Бұдан бөлек, Шанхай билігі COVID-19 вирусына байланысты жарияланған Төтенше жағдайдың ең жоғарғы деңгейін төмендетті. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60 адамға жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді. BAQ.KZ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 386 0

Алматылық әнші Италияда ерекше концерт қойды

Алматыдан Италияға келген опера әншісі Анастасия Кожухарова өзінің үйіндегі балконынан концерт қойып, қошеметке ие болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 398 0
Білім саласының кәсіподақ мүшелері қайырымдылық көрсетті

Білім саласының кәсіподақ мүшелері қайырымдылық көрсетті

Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өздерінің аз қамтылған 362 отбасына 5 430 000 теңге тұратын азық-түлікпен көмек көрсетті.Аталған ұйым әлемді алаңдатқан коронавирус кезінде бастауыш кәсіподақ ұйым төрағаларымен жедел түрде тікелей байланысып, аз қамтылған 362 отбасының әрқайсысына 15000 теңге көлемінде азық-
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 479 0
Шиеліде еріктілер бетпердені тегін таратты

Шиеліде еріктілер бетпердені тегін таратты

Шиелі ауданының ерікті жастарының ұйымдастыруымен, "Тоғжан" тігін цехында және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің тігін цехында тігіліп жатқан бетперде (маска) арзан бағада алынып, аудан тұрғындарына тегін үлестірілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 458 0
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Алматыда тағы 1 адамнан коронавирус шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 492 0
Медициналық-бақылау бекеттерінің жұмысы қауырт

Медициналық-бақылау бекеттерінің жұмысы қауырт

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында медициналық-бақылау бекеттері Түркістан, Ақтөбе, Жезқазған және Жаңақорған-Балтакөл бағыттарындағы автожолдарда орналасқан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 472 0
Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңіне өзгеріс енгізіледі

Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңіне өзгеріс енгізіледі

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты алты ірі жарыстың өтпей қалғанына байланысты Олимпия ойындарының іріктеу кезеңіне өзгерістер енгізді деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 23 наурыз 2020 г. 654 0
«Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жоба басталады

«Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жоба басталады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Live форматында «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жоба бастайды. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 368 0
Ангела Меркель карантинде жатыр

Ангела Меркель карантинде жатыр

Германия канцлері Ангела Меркель COVID-19 вирусын жұқтырған дәрігермен қарым-қатынас жасаған соң карантинге жатқызылды. Бұл туралы канцлердің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 390 0
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2020 г. 445 0