Антисептик әзірлеп, оны заңсыз сатып келген цех табылды

Антисептик әзірлеп, оны заңсыз сатып келген цех табылды

  Медициналық препараттарды заңсыз жасау және оны көтерме саудамен өткізу фактісіне жол берілмеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық прокуратураға сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 289 0
Абай-175: Абайды оқудың он себебі

Абай-175: Абайды оқудың он себебі

Әр қазақ Абайды оқуы керек. Бұл жаттанды болса да рас сөз. Ал, не үшін оқу керек? "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" деді Сұлтанмахмұд Торайғыров. Абайды әр оқыған сайын өзің үшін жаңалық ашасың, оқыған сайын түсінгендей боласың, парақтаған сайын дүниетанымың кеңейгендей күй кешесің. Өзіңді кінәлайсың, тіпті жек көресің. Дәл осы сөзді Абайды оқитындар жиі айтады.
Білім 24 наурыз 2020 г. 625 0
Әлемді жалт қаратқан Элизабет

Әлемді жалт қаратқан Элизабет

Спорт демекші, әр адамның ғана емес, тұтас халықтың қабілеті мен икемі спортта анық байқалады. Бокс пен күрестен, ауыр атлетикадан биіктен көрініп жүрген қазақтар спорттың өзге түрлерінің көбінен артта қалып келеді. Бірақ кейде бір ғана спортшы бұрын спортта біз игере алмай жүрген тұста ерлік жасағанда күмән атаулыны сейілтіп, тұтас елге рух беретіні сондай – басында «паһ» деп таңдана қол соққан халықтың ізінше көкірегін мақтаныш кернеп  – «біз мықтымыз» деп айдарынан жел есіп шыға келетіні бар. Жеңген елдің сөзі үстем. Баласы жеңіс тұғырынан көрінген халықтың қуанышынан асқан керемет бар ма?! 
ДОДА 24 наурыз 2020 г. 781 0
Алыпсатарлардан тәркіленген маска медицина қызметкерлеріне таратылды

Алыпсатарлардан тәркіленген маска медицина қызметкерлеріне таратылды

Алматыда қалалық қызметтердің профилактикалық жұмысына 3 млн бетперде бөлінді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 239 0
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 68-ге жетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 68-ге жетті

Нұр-Сұлтанда бір адамнан коронавирус табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 350 0
Қуанышбек Ысқақов: "Індет - өтпелі құбылыс"

Қуанышбек Ысқақов: "Індет - өтпелі құбылыс"

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төтенше жағдайға байланысты өткізген жедел штаб отырысындағы тапсырмалары ☑️Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, провизорлық және карантиндік стационарларға қосымша төсек орындар қарастырсын; ☑️Республика көлемінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Бас санитариялық дәрігерінің №26 Қаулысынан туындайтын талаптарды қатаң орындасын; ☑️Тұрғындар арасында санитариялық ағарту және ақпараттық түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізсін. ☑️Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті, "Ұлттық сараптама Орталығының" филиалы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында әр 10 күн сайын бақылау нүктелерінен су сынамаларын алып, сапасына мониторинг жүргізсін; ☑️Зерттеу нәтижелерімен сәйкессіздіктер анықталса, жою шараларын қолға алып, қайта зертханалық тексерулер жүргізсін.   ☑️Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы                     №66597 әскери бөлімімен бірлесіп, карантиндік шараларға қатысты дайындық жұмыстарын күшейтсін және көшелер мен нысандарды дезинфекциялауға әзір болсын;   ☑️№66597 әскери бөлімі карантиндік шараларға қатысуға қажетті жеке қорғану құралдарының есебін нақтылап, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына ұсынсын.   ☑️Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы                    коронавирусқа қарсы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру мақсатында қала, аудан әкімдіктерінен, облыстық денсаулық сақтау, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, облыстық іс басқармасынан, құқық қорғау органдарынан және әскери бөлімдерден қажетті бетперде, медициналық құрал-жабдықтар, антисептиктер және залалсыздандыру жұмыстарының көлемі бойынша мәліметті жинақтап, есебін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынсын.   ☑️Құқық бұзушылықтың көбеюіне, ең алдымен, ұрлыққа, тонауға, талан-таражға салуға, биліктің заңды талаптарына бағынбауға жол бермеу керек.  Осыған байланысты қоғамдық орындардың күзетін, оларды жарықтандыру және бейнебақылау камераларымен жабдықтау шаралары күшейтілсін. Бұған полицияның бүкіл құрамы жұмылдырылуы керек.   ☑️Бүгінгі күні қала, аудандардағы қоғамдық орындарды әкімшілік қызметкерлер мен полиция өкілдері аралап, рейд жүргізуде. Әрине, барлық нысандарды аралау мүмкін емес, бірқатар қиыншылықтар тудыруда. Бұл шараға "Нұр Отан" партиясы, Үкіметтік емес ұйымдар, "Атамекен" Кәсіпкерлік палатасы өкілдері белсене атсалысуы тиіс. ☑️Кәсіпкерлік нысандардан бөлек, отбасылық шаралар әлі жалғасуда. Бұған волонтерлар, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер ұйымдарының көмегі қажет. ☑️Облыстық кәсіпкерлік және туризм және индустриялық инновациялық басқармалары Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, шұғыл түрде облыстағы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, бетперделер мен антисептиктер шығаруды қамтамасыз етсін.   ☑️Қызылорда облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау, полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп аулаларда, көшелерде, қоғамдық орындарда арнайы жабдықталған автокөлікпен, дыбыс күшейткіш құралдармен тұрғындардың үйден шықпауларын, қоғамдық орындарға арнайы бетперделер тағып, санитарлық талаптар мен қоғамдық тәртіптін сақталуын хабарлауды ұйымдастырсын. ☑️Облыстық  ішкі саясат басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп қауесеттер мен арандатушылық ақпараттарға тосқауыл қою жұмыстарын ерекше бақылауға алсын. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері коронавирус инфекциясына байланысты қандай да бір ақпаратты тек қана облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметінен кейін жариялауды қатаң тапсырамын.   ☑️Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, күрделі жағдайды жеке басына пайдаланатын алаяқтыққа, алыпсатарлыққа жол бермеуіміз қажет. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлық елді мекендерді қажетті заттармен қамтамасыз етуді  тапсырамын.   ☑️Облыста азық-түлік және ең қажетті тауарлардың қоры жеткілікті. Қала және аудан әкімдері ең қажетті тауарлардың нақты есебін жүргізуді тапсырамын.   ☑️"Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі құбылыс. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болу. Оған біздің толық мүмкіншілігіміз бар. Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз", - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 475 0

Ипотекалық несиелер үш айға шегерілетін болды

Қазақстандықтарға ипотекалық төлемдерді үш айға кейінге қалдыру ұсынылды. Бұл туралы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 837 0

Қазақстандықтарға кредитті кейін төлеуге мүмкіндік берілді

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар үшін кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды салмау жөніндегі шектеуге қарамастан негізгі қарызды төлеу және займдар бойынша сыйақы беруді тоқтату қажет", - деді ол төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында. Сонымен қатар президент көптеген қазақстандық жағдайдың қиындығына байланысты ломбард, онлайн кредит, микроқаржылық ұйымдарға барып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл саладағы жағдайды бақылауда ұстау қажет."Сондықтан бұл саланы тәртіпке келтіру маңызды. Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі, бас прокуратура, ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң сақталуы үшін ауқымды акция жүргізіп, заң бұзушыларды жауап тартуды тапсырамын. Бұл БАҚ-та және әлеуметтік желіде жариялануы қажет. Қиын жағдайда қазақстандықтар құқығының мемлекет қорғайтынын білуі маңызды", - деді мемлекет басшысы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 942 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті әріптестер! Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармауымыз керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 481 0
Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейне байланыс арқылы қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 447 0