Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
ӘДЕБИЕТ
10 тамыз 2019 г.
886
0
Бастауын іздесең бірнеше ғасырдың қойнауынан хабар беретін, әр тасы мен аққан суы қарт тарихтың сырын айтатын Жалағаштай киелі өлкеде заманынан озық туған даралар көп болған. Мұнда өткеннің ізіндей, көненің көзіндей тарихи һәм мәдени орындар жетерлік. Атыраптың әр төбесінде айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре жатыр. Ежелгі Женттен бөлек, аттандап жауға қарсы шапқан Бұқарбай мен Сәрке батырдың, қара қылды қақ жарған Құба би мен Өмірбай, Бостай, Шортанбай шешендердің кіндік қаны тамған киелі орын екені белгілі. Темірбек Жүргеновтей ел мүддесіне жұмыс істеген қайраткерлердің туған жері бұл. Қомшабай Сүйенішов, Асқар Кіребаев, Темірше Сарыбаевтай ел руханиятына сүбелі үлес қосқан ардақтыларды неге айтпасқа?! Жалағаш дегенде, жалпақ жұрттың есіне алдымен осылар түседі емес пе?!
Cұхбат
10 тамыз 2019 г.
2 218
0
Біздің бала кезімізде үйге қонақтар жиі келетін. Сонда ата-аналарымыз «үлкен кісілер қонақ болып келеді, әдепті болыңдар, тыныш жүріңдер, екі қолдарыңды беріп сәлемдесіңдер, қолдарына су құй, батасын ал, жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер, ертең үлкейгесін сол бата сені азамат қылады» дейтін. Қонақтардың қолына су құюға таласатынбыз. Олар неше түрлі мағыналы бата беретін, мерейіміз көтеріліп қалатын. Жас кезінен балаларды үлкенді сыйлау, еңбекке баулу, әдепті болуға, сөздің мағынасын түсінуге тәрбилегені екен.
ТАНЫМ
10 тамыз 2019 г.
1 456
0
Кешегі кеңестер кезеңінде «кадрлар бәрін шешеді» деген қағида мемлекеттік кадр саясатының негізгі ұстанымы болды. Мықты кадрлар корпусы жасақталып қана қоймай, ізбасарларды тәрбиелеуге де жұмыс істеді. Қайбір саланы алсақ та мамандар шоғыры қалыптасты. Оның дәлелін алысқа ұзамай-ақ өзіміздің туып өскен Қызылорда облысынан да көруге болады.
ТАҒЫЛЫМ
10 тамыз 2019 г.
1 719
0
Мемлекеттік кіріс органдары – жоғары тиімділіктегі басқару жүйесі бар, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ерікті түрде төлеуге және еркін халықаралық сауданы ынталандыру және адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы ортаны жасаушы, клиентке бағдарланған қызмет. Мемлекетіміздің қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы тақырып Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновпен жасалған сұхбатқа арқау болған еді.
Cұхбат
10 тамыз 2019 г.
1 301
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл экономиканың және инфрақұрылымның тұрақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау мәселесін жақсарту арқылы халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру.
АҚПАРАТ
10 тамыз 2019 г.
500
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы – халықтық бағдарлама. Оның мәні мен болмысы қазақстандықтардың көкейіндегі мәселелерді анықтап, шешімін ұсынады.
АҚПАРАТ
10 тамыз 2019 г.
498
0
Ертең адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге үндейтін қасиетті Құрбан айт мерекесі. Бұл күні Алла разылығы үшін мал шалынып, қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады. Рухани тазалықты, ізгілік пен адалдықты, терең сенімді ұлықтайтын мереке Сыр өңірінде де ерекше аталып өтпек. Ұлық мейрамда орталық мешітте түрлі шаралар, оның ішінде «Мешіттерде Құрбан шалу рәсімін өткізу», «Құрбандық малының етін мұқтаждарға үлестіру», «Спорттық жарыстар», «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында рәсімдер жасалады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 тамыз 2019 г.
592
0
Айдай ақиқаты сол, біз мынау ежелден іргелес өзбек халқымен Құдай қосқан көрші ғана емес, қаһарлы көк түріктің шекпенінен бірге өріп шыққан бауырлас, тарихымыз тамырлас, өміріміз тағдырлас елдерміз. Дін, діл, тіліміздің түп тамыры, тіршілігіміздің нәрі – Сырдариямыз бір. Байырғы заманнан баршамызға мұра болған танымал тұлғаларымыз, рухани құндылықтарымыз заңғар жеміс ағашының мәуесіндей тағы да екі елге еншілес ортақ сыбаға.
ҚОҒАМ
10 тамыз 2019 г.
995
0
Сандық технология өріс алған кезеңде құрылыс саласы да көштен қалған жоқ. Цифрландыру «құрыш қолдыларға» да жетті. Жаңа жобалар туралы облыс бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.
ҚОҒАМ
10 тамыз 2019 г.
846
0