ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 шілде 2019 г.
749
0
Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 шілде 2019 г.
589
0
Жақында қарымды қаламгер, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Шыңғыс Айбосыновтың «Сырласу мен сыр ашу» атты туындысы қалың оқырманға жол тартты. Автор бұл еңбегінде ауыл шаруашылығы саласының серпін алуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған майталман маман Біржан Көштаевты басты кейіпкер етіп алған. Кейіпкерімен сырласа отырып, өңірдің әлеуетін көтеру барысында атқарылған жұмыстарды кеңінен сипаттайды.
АҚПАРАТ
10 шілде 2019 г.
250
0
Жуырда №144 мектепте «Сыр жұлдызы» балабақшасының ән-би мамандарының біржылдық есеп беру концерті өтті. Кеште әртүрлі жанрдағы билер орындалып, осы балабақшада қызмет атқаратын белгілі композитор С.Шынымовтың бірнеше әндері шырқалды. Концертке кіші топ бүлдіршіндерінен бастап ересек топ тәрбиеленушілеріне дейін өнер көрсетті.
АҚПАРАТ
10 шілде 2019 г.
293
0
2019 жылғы маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 27504 теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 шілде 2019 г.
331
0
«Сыр бойы» – аймақ баспасөзінің қара шаңырағы деп аса зор мәртебемен ардақтала аталатын басылым. Басылымның сарғайған парақтарына көз салсаңыз, ХХ ғасырдың күнгейін де, көлеңкесін де көрсетіп, сол жылдардағы жан жадыратар жетістіктеріміз бен көңілімізге кірбің салар кемшіліктерімізді қаламның ұшымен түртіп, тұтас бір дәуірдің жылнамасын жазып шыққан. Бүгінгі «Сыр бойы» тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі қиындық пен қызыққа толы әр күннің куәгері.«Сыр бойы» 90 жыл көлемінде аймақ халқының сырласы мен мұңдасы болып, көзайымына айналды. Содан болар, «Осы газет несімен қымбат?» деген ой мазалап, лебізімді ақ қағаз бетіне түсіру үшін қолыма қалам алған жайым бар. Мен «Сыр бойының» кезіндегі қызметкері ғана емес, сонау 60-жылдардан бергі оқырманы ретінде басылымның аты да, заты да түбірінен түгелдей өзгергенінің куәсімін. Бұл газетте небір танымды тұлғалар, айтулы азаматтар, қарымды қаламгерлер қызмет еткен. Өлмейтұғын артында сөз қалдырған олар жайлы да айтарым бар. Сонымен...
ҚОҒАМ
10 шілде 2019 г.
679
0
«...Көзің жетпеген дүдәмал ақпаратты материалыңа пайдаланба! Күмәнді цифрлардан айналып өт. Алыстан орағытпай, айтарыңа бірден көш». Бұл – облыс журналистикасында өз орны бар Жолдасбек Ақсақаловтың қырық жылға жуықтаған еңбек жолындағы басты ұстанымы. Өзгелерге де, ізінен ерген бізге де осы ақыл-кеңесті айтады.
ҚОҒАМ
10 шілде 2019 г.
678
0
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Асылбек Тоғызбаевты 70 жасқа толуымен құттықтады. Кездесуге осы саланың басшылары, ардагерлер қатысты. Облыс басшысы мерейтой иесінің аймақ медицинасын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 шілде 2019 г.
488
0
Облыс орталығына іргелес Бесарық, Қоғалыкөл ауылдарына барар жолдың жай-күйі осыған дейін талай мәрте жазылды. Ерсілі-қарсылы ағылған көлік тізгініндегілер шұрық-тесік асфальтты айналып өтіп, жүйкесі жұқарған сәттер жиі кездесетін. Бүгінде іргеде жатқан қос ауылдың халқы қуанышты. Өйткені, бірнеше жылдан бері тарқамаған түйткіл шешімін тапты. Аталған елді мекендерді әуежай жолына жалғайтын трассаны күрделі жөндеу жұмысы басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 шілде 2019 г.
670
0
Қармақшы ауданындағы «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары биылғы егін егу маусымында 2700 гектар алқапқа Сыр салысын егіп, суға бастырып үлгерді. Онымен қоса 100 гектарға егілген жаздық бидайға жақын арада орақ салады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 шілде 2019 г.
1 509
0