Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

2019 жылғы маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 27504 теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 6,2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 17,9%, жемістер мен көкөністерге – 12%,  сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9,7%, нан және жарма өнімдеріне – 7,3%, май және тоң май өнімдеріне – 3,9%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,3%, балыққа – 1,9%-ды құрады.


Халықтың орташа жан басына шаққанда

Балалар,

0-13 жаста

Жасөспірімдер,

14-17 жаста

Еңбекке қабілетті халық 18 жас

Зейнеткерлер мен қарт адамдар

ұлдар

қыздар

ерлер

әйелдер

Күнкөрістің ең төменгі шамасы

27 504

21 726

34 788

26 655

32 820

26 057

25 794

Азық-түлік тауарлары

15 127

11 949

19 133

14 660

18 051

14 331

14 187

Азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет

12 377

9 777

15 655

11 995

14 769

11 726

11 607

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2019 г. 330 0