« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Асылбек Тоғызбаевты 70 жасқа толуымен құттықтады. Кездесуге осы саланың басшылары, ардагерлер қатысты. Облыс басшысы мерейтой иесінің аймақ медицинасын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Аймақ басшысы облыстың денсаулық сақтау саласы туралы сөз қозғағанда өткен ғасырдың екінші жартысында саланың негізін қалап, оның өркендеуіне, жаңашылдануына ерекше еңбек сіңірген ардақты аға-апаларымыз еске түсетінін жеткізді. Әрине, бұл ретте көш басында, облыстың денсаулық сақтау саласын 30 жылдан астам басқарған С.Мақашева тұрады. Одан кейін Ш.Абдуллаев, қазір ортамызда жүрген саланың ардақты ардагерлері Е.Омаров, Т.Маханов, Б.Атабаев, олармен бірге сала «қазанында» біте қайнасқан, елдің ерекше ілтипатына ие болған Ш.Әлназаров, С.Құлсартов, В.Исаев секілді көптеген дәрігерлердің аты аңызға айналғанын құрметпен атап өтуге болады.
– Осы кісілер салып кеткен сара жолмен жүріп келе жатқан ардақтыларымыздың ішінде, бүгінгі құрмет иесі Асылбек Тоқмырзаұлы да бар, – деді облыс әкімі.
Еңбек жолын Қызылорда облыстық ауруханасының анестезиология-реаниматология бөлімінде бастаған Асылбек ағамыз 48 жыл осы салада үзбей еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Сол жылдары облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері, облыстық СПИД орталығының бас дәрігері, 2008-2017 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметтерін абыроймен атқарды.
Облыс әкімі мерейтой иесі зейнетке шықса да, жастарға үлгі бола отырып, өзі 10 жылға жуық басқарған қалалық аурухана бас дәрігерінің азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін, сондай-ақ қоғамдық негізде «Ұлттық медицина ассоциациясының» облыстық филиалын басқарып, медицина қызметкерлерінің имиджін арттыруға, олардың құқықтарының қорғалуына атсалысып келетінін атап өтті. Көп жылғы еңбегі үшін Асылбек Тоқмырзаұлы «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», екі мәрте ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», бірнеше рет облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері. 2018 жылы «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
– Сыр елінің қаншама жас дәрігерлері сізден тәлім-тәрбие алып, дәрігерліктің, денсаулық сақтау ісін басқарудың қыр-сырын үйренуде. Біз сіздің азаматтық позицияңызды, тың идеяларыңызды, сол идеяларды жүзеге асыру барысындағы табандылығыңызды құрметтейміз, – деген облыс басшысы мерейтой иесіне «Құттықтауын» табыс етті. Сонымен бірге мерейтой иесінің зайыбы, медицина саласының ардагері Мирамкүл Шариповаға да сый-сияпат жасалды.
Салтанатты шарада А.Тоғызбаевтың әріптестері, республикалық медициналық Палата президенті, халықаралық деңгейдегі сарапшы Мақсұт Құлжанов пен денсаулық сақтау саласының ардагері Ақмырза Сыдықов тілектестігін жеткізді.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |