Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары, екінші деңгейлі банк филиалдарының жетекшілері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
530
0
Облысқа жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров пен Тәжікстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
471
0
Бұған дейін газетімізде Н.Ілиясов ауылының Асқар Жылқаев есімді түлегінің бағындырған биігі туралы жазған едік. Ол кезде Асқар республикалық «Үздік студент – 2018» жобасында топ жарып, жерлестерінің ерекше ықыласына бөленген болатын. Талапты жігіт жуырда тағы бір жеңісімен қуантты. ТМД елдерінің таңдаулы ЖОО студенттері арасында өткен байқауда марапат мінберінен көрінді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
924
0
Арал ауданындағы іргелі елді мекеннің бірі – Сексеуіл. Соңғы жылдары көркейе түскен кенттің кеуде тұсынан «Бозой-Бейнеу-Шымкент» мұнай құбыры өтсе, одан әрірек халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолы жатыр. Ел экономикасының күретамыры саналатын – теміржол мен жөндеу депосы да осы кенттің басты ажары.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
826
0
«Өзен жағалағанның өзегі талмайды». Арал өңірі тұрғындарының әл-ауқаты жыл алға жылжыған сайын жақсара түсуде. Жазы аптап, қысы қытымыр, көктемі кеш келіп, күзі ерте түсетін аймақ халқының басым бөлігінің тіршілігі атакәсіп – балық шаруашылығымен тікелей байланысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
873
0
Осы аптада «Даму» қорының Қызылорда филиалы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бейресми кездесу өткізді. Елімізде 1997 жылдан бері жұмыс жасайтын қордың облыс бойынша аймақтық филиал директоры Алмас Тастанов облыстағы шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, кәсіпкерліктің нәтижелері мен жоспарлары және жаңа бағдарламалар туралы әңгімеледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
650
0
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының екі жылдығына орай облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Ел мұрасын сақтаған Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті.
АҚПАРАТ
20 сәуір 2019 г.
330
0
«Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы жуырда «Елбасы – ел тәуелсіздігінің бас сәулетшісі» тақырыбында пікірсайыс өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
486
0
24-30 сәуір аралығында өңірде «Алдын ал, сақтан, егіл!» ұранымен иммундау апталығы өтеді. Соңғы он жылда үздіксіз өтіп келе жатқан шара екпеден қалып қалғандардың қайта екпе қабылдауына мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 сәуір 2019 г.
647
0
«Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Nur Оtan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қамқорлық айы жарияланбақ.
АҚПАРАТ
20 сәуір 2019 г.
277
0