ЕРЕКШЕ САЙЫС

 «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы жуырда «Елбасы – ел тәуелсіздігінің бас сәулетшісі» тақырыбында пікірсайыс  өткізді.
Қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің басын қос­қан шарада Сарыарқаның тө­сінде әлем таныған әсем елорда жа­саған Елбасының, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ерен еңбегі сөз етілді. Соны­мен қатар экономиканың тік­телуі, елімізде 100-ден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі де Елбасы еңбегі  екен­дігі айтылды. Тұңғыш Пре­­зиденттің «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» ма­қа­­ласында белгіленген прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығын дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтай оты­рып, заманауи әлемдік мә­дениет көшіне ілесу мен рухани құндылықтарды ұлық­­­­тау мәселесі де шет қал­­­­мады. Көптің көңілінен шық­­қан мәдени шарада бел­сен­­ділігімен көзге түсіп, интеллектуалдығымен ерекшеленген бір топ жас Алғыс хатпен марапатталды.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2019 г. 485 0