Ол кезде Кәусар бес жаста еді. Бал балалықтың базарында сайран салып жүрген шағы. Монтиған сәби жүзіне майда-майда бұйра шаштары жарасып-ақ тұратын. Сондықтан болар әжесі оны «Ақ қозым» деп еркелететін. Күнделікті кешкісін сабақ дайындауға кірісетін екі әпкесінің бірде қаламын, бірде дәптерін тартып алып ойнайтын кішкентай Кәусарды олар да ренжітіп көрген емес. Үйдің кенжесі болған соң әкесі мен анасы да оның қалауын екі етпей, айтқанын қылып отыратын. Бірде анасы Айзатқалаға біраз уақытқа кетіп қалды. Оның кетуі мұң екен,–үйдің іші көңілсіз боп шыға келді. Әкесі де жұмыстан кештеу келеді, ал тамақты үлкен әпкесі Жанар жасайды, кіші әпкесі Самал үй жинайды. Кішкентай қыз анасын сағына бастады. Пештің түбінде күрең жіпті домалатып тастап, шәлі тоқып отырған әжесінің қасында жақындап келіп, оның бауырына кіріп кетті.
ӘДЕБИЕТ
10 қараша 2018 г.
2 628
0
Көптің арасында «Жолдауды оқыдық, тыңдадық, несіне айта береміз?» деушілер жеткілікті шығар деп ойлаймын. Ойым дұрыс болмаса, қуана тұрып, кешірім сұраймын. Бізді қоршап, ойымызды сан жаққа тартып жүрген құбылыстардан қазіргі кезде бас айналады. Ал, шашыраңқы ой сізді қозғайтын күшке айнала алмайды. Бірақ сол ойды бірнеше рет қайталап, назарыңызды жинақтауға және оның күшін арттыруға болады. Яғни, әлсіз әрі шашыраңқы ойлар – әлсіз және шашыраңқы күш те, мықты әрі жинақталған ойлар – мықты және жинақталған күш болып саналады. Ойды белгілі бір бағытқа шоғырландыруда пікір алмасудың орны ерекше. Сондықтан ісімізге, өзімізге қажетті идеяларды үнемі қайталап, ойымызды, ісімізді нақтылап отыруымыз керек. «Бұндай ой бөлісуден не біле аламын? Не істеуім керек? Үміт артарым неде?» деген сұрақтарға жауап аламыз, өзімізді қозғаймыз, санамызды серпілтеміз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
921
0
Облыс бойынша ең қымбат коммуналдық тариф – Байқоңыр қаласында. ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Мырзабек Демесінов бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы интернет-конференцияда айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
867
0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті,2018 жылғы 12 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін тұрғын үй-коммуналдық саласындағымәселелер бойынша азаматтар үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
913
0
«Россия-24»телеарнасы хабарлағандай, АҚШ Иранға қарсы экономикалық санкция жариялады.Санкция талабы бойынша Иран сыртқы рынокқа басты экспорты – мұнайды шығара алмайды.
Саясат
10 қараша 2018 г.
6 332
0
Қазір әлем экономикасында белең ала бастаған сауда кедергілері Орталық Азия елдерінің экономикалық өсім әлеуетін тежейтін болады. Бұл туралы жуырда халықаралық«Moody’s investors service» агенттігінің сарапшылары мәлім етті.
Экономика
10 қараша 2018 г.
1 894
0
Араб елдерінде тыныштық жоқ. Халықтың әртүрлі топтары арасындағы қақтығыс салдарынан Йеменхалқының 8 млн тұрғыны аштыққа ұрынды.
Саясат
10 қараша 2018 г.
6 380
0
«Еuronews» телеарнасы хабарлағандай, АҚШ Қытайдың импорт тауарларына баж салығын өсіргенімен, оның ағымы әзірге толастайтын сыңайы байқалмайды. Екі ел арасындағы сауда балансы қыркүйек айында Қытай үлесіне 8,8 процент өскен.
Саясат
10 қараша 2018 г.
5 957
0
Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры аймаққа оң өзгеріс әкелді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры аймақтағы аудан мен елді мекендерді көгілдір отынмен қамтуға жол ашқаны белгілі. Мемлекет басшысының жасаған тікелей қамқорлығы бұдан басқа жаңа құрылыстарды пайдалануға енгізумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
823
0
Сонымен аудан орталығынан таң біліне Іңкәрдарияға жолға шықтық. Аудан орталығы мен халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолы арқылы тақтайдай тегіс жолмен қырық минутта жетіппіз. 1965-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған ауыл тұрғындары нарықтың кезінде бақшалық пен қызылша өсіріп халқының қант-шайын айырумен де айналысыпты. Қазір Сырдың дара дақылы – күріш егуді де қолға алған. Ауылдың жарты ғасырдан астам тарихында өркендеу ізі байқалады. Күн санап көркейіп келеді. Өсер елдің өрісті мәдениетін айғақтағандай соңғы жылдарда клуб үйі, емхана, әкімшілік ғимараты пайдалануға берілген. Ауылға барар жол айнадай тегіс. Ауыз судың өзі кейбір елді мекендегідей сағаттап, белгілі бір уақытпен беру деген атымен жоқ. 24 сағат бойы тоқтаусыз келіп тұр. Әрине, ауыл ажарын айшықтайтын нысандардың жаңаруы елдің экономикалық та, әлеуметтік те дамығандығын көрсетеді. Сондықтан береке-бірлігі бекем ауыл тұрғындары да абыройлы еңбек етуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
861
0