Қазір әлем экономикасында белең ала бастаған сауда кедергілері Орталық Азия елдерінің экономикалық өсім әлеуетін тежейтін болады. Бұл туралы жуырда халықаралық«Moody’s investors service» агенттігінің сарапшылары мәлім етті.
Сарапшылар пікірінше, Орталық Азия елдеріне жылдам дамып келе жатқан Қытай және Үндістан нарығының жақын орналасуы дамуды тежейтін негізгі факторлардың бірі саналады.
Орталық Азия елдерінің экономикасы шикізатқа тәуелді. Сонымен бірге ұзақ жылдардан бері қалыптасқан экономиканың дағдылы үлгісі – Орталық Азия экономикасын тежейтін кедергінің бірі. Сарапшылар аймақ елдерінде 2008-2017 жылдары экономикалық өсім әлемдік өсімнен 3,4 пункт төмен болғанын дәйектеме ретінде келтіреді. Бұл орайда тауарлар жеткізуде инфрақұрылымның тарлығы жөнінде де айтылады.