АҚШ ҚЫТАЙ ТАУАР ИМПОРТЫНАН ҚАУІПТЕНЕДІ

«Еuronews» телеарнасы хабарлағандай, АҚШ Қытайдың импорт тауарларына баж салығын өсіргенімен, оның ағымы әзірге толастайтын сыңайы байқалмайды. Екі ел арасындағы сауда балансы қыркүйек айында Қытай үлесіне 8,8 процент өскен.
Осы жағдайға байланысты АҚШ президенті Трамп алаңдаушылық білдірді. Бұған дейін Қытайға сауда соғысын жариялаған АҚШ президенті енді Қытаймен арадағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған қадамдарға бармақшы. Бұл орайда Трамп қараша айының соңында Аргентина астанасында өтетін әлемнің озық 20 ел басшыларының саммитін пайдаланып, осы жерде күншығыс елі мемлекеттік кеңес төрағасы Си Ци Пинмен кездескісі келетінін мәлімдеді.
Жалпы, АҚШ президентінің қазір әлемдік проблемаларға қатысты тыйым салатын үзілді-кесілді шешім қабылдап, соңынан райынан қайтатыны үйреншікті жағдайға айналған сыңайлы. Трамп бұл орайда өз елінде соңғы уақытта жаңадан ашылған 250 мың жұмыс орнына қауіп төнгенін жасырмайды.

Саясат 10 қараша 2018 г. 5 929 0