Ақпараттық жүйемен қамту қарқынды жүргізілуде

Ақпараттық жүйемен қамту қарқынды жүргізілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Әбдусәметовтің, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы денсаулық сақтауды ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ғалымжан Қазиевтің және осы филиалдың емдеуге жатқызу бөлімінің басшысы Талғат Көшекбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, мамандар Елбасы тапсырмасына сәйкес, денсаулық сақтау саласын цифрлы бағдарламаға көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімеледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2018 г. 900 0
Білім сапасына баса мән беріледі

Білім сапасына баса мән беріледі

Биыл Шиеліде дарынды балалар мек­тебін ашу жоспар­ланып отыр.  Бұл туралы өңір­лік коммуникациялар қызметінде өткен бас­пасөз мәслихатында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2018 г. 885 0
Озат аудандағы озық бастамалар

Озат аудандағы озық бастамалар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасы Жолдауынан туындайтын мін­деттерді жүзеге асыру мен өткен жылды қорытындылау мақсатында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов баспасөз мәслихатын өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2018 г. 1 063 0
Негізгі салалардағы нәтижелі іс

Негізгі салалардағы нәтижелі іс

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлей­менов өткен жылдың қорытындысы,  Елбасы Жолдауынан туындайтын ал­дағы міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2018 г. 829 0
«Құс өсірем деушілерге көмектессем деймін»

«Құс өсірем деушілерге көмектессем деймін»

үнделікті дастарханымыздан табылатын құс еті мен жұмыртқаның қайдан, қалай келіп жатқаны жайлы бұрын ойланып көрмеппіз. Асылында құс етін молынан тұтынуға оның қорытылуының жеңілдігі, басқа малдың етіне қарағанда арзандығы ғана себеп деген көзқараста едік. «Шиелі құс» фермасының негізін салушы Насырбек Мырзабековпен болған әңгіме  ойымызды өзгертті. 
ҚОҒАМ 10 ақпан 2018 г. 1 800 0
Қаратау қойнауында қой өргізген

Қаратау қойнауында қой өргізген

Малдың жайын баққан біледі. Ебін тауып, шаруасын ұршықша иіріп, пайдасына кенелген шаруалар жетерлік. Міне, сондай еңбекқор шопандардың бірі, жаңақорғандық Машар Шайықов.
ҚОҒАМ 10 ақпан 2018 г. 1 010 0
Қалаға сән берген, далаға нәр берген  кәсіпкерлік

Қалаға сән берген, далаға нәр берген кәсіпкерлік

Жан-жақты көрсетіліп отырған мемлекет қолдаулары бүгінде еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамып, оның қоғамдағы өз үлесін алуына бірден-бір мүмкіндік тудырып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2018 г. 1 074 0
Олимпиада алауы жағылды

Олимпиада алауы жағылды

Кеше төрткүл дүние көз тіккен төртжылдық спорт мерекесі – 23-ші қысқы олимпиада алауы жағылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2018 г. 1 009 0
Қызылорда облысы: Сырдария өзеніндегі жағдай қалыпты

Қызылорда облысы: Сырдария өзеніндегі жағдай қалыпты

Қызылорда облысында су алу қаупі жоқ, - деп мәлімдеді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2018 г. 882 0
Қызылорда «Ақылды басқару» бағытындағы үздік жобаларды айқындайды

Қызылорда «Ақылды басқару» бағытындағы үздік жобаларды айқындайды

  Қызылорда қаласы үшінші жүзжылдықты елеулі өзгерістермен бастайды. Сырдың бас шаһарында ақпараттық коммуникацияларды тиімді пайдалануға негізделген «Smart сity» жобасы жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған аймақ делегациясының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында белгілі болғандай, «Қызылорда – ақылды қала» жобасы «Huawei Technologies LTD»  компаниясымен меморандум аясында орындалады. Бүгінде біздің аймақ қана емес, тұтас ел экономиканы цифрландыруға ден қойды. Елбасы Жолдаудың бірінші басымдығында ­«Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деді. Қазір трендке айналған «цифрландыру», «автоматтандыру», «роботтандыру» сөздері шын мәнінде іске асып, кәдемізге жараса, көп нәрседен ұтарымыз анық.Ендеше, автоматтандыру мен цифрландырудың негізі саналатын IT саланың облыстағы жағдайы қалай? Өндірісті цифрландыру, технологиялар трансфертін ынталандыру мақсатында қандай ­жобалар қолға алынды? Бұл саланың жайын облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова тарқатып берді.
Cұхбат 10 ақпан 2018 г. 1 428 0