« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Биыл Шиеліде дарынды балалар мектебін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы хабарлады.
– Өткен оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тест қорытындысында аудан түлектерінің нәтижесі облыстық көрсеткіштен төмен болды. Осыған орай, білім саласындағы мекемелер ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жандандырып, олқылықтарды жөндеу бағытында кешенді жұмыстар бастап кетті. Ауданда цифрлық білім беру жүйесін дамыту мақсатында 28 мектеп 134 дана интерактивті тақтамен қамтылды, – деді аудан басшысы.
Ауданда қысқамерзімді кәсіптік оқытудың курсын 379 азамат бітіріп шықты. Олардың 141-і жұмысқа орналастырылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ауданда 1866 азамат жұмыссыз. Жұмыс күші тапшы облыстарға көшуге 28 отбасы ниет білдіріп, өткен жылы 5 отбасы Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына қоныс аударған.
Сонымен қатар, биыл Н.Бекежанов ауылы тұсындағы көпір күрделі жөндеуден өткізіледі. Тұрғын үй мәселесі де өзекті. 670 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Қазіргі таңда жобалық құны 825 млн теңге болатын 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құжаты республикалық бюджеттен қаржыландыруға жолданды.
– Ауданда өнеркәсіп өнімінің 66 процентін уран өндірісі құрайды, алайда әлемдік рыноктағы бағаның түсуінен уран өндіру соңғы жылдары 15-20 процентке төмендеді. Сондықтан біз осы өндіріс көлемін бірінші кезекте орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту арқылы арттырып, индустрияландыруға байланысты бірнеше өндіріс орындарын іске қосуды жоспарлаудамыз, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, ауданда қылмыс 9,7 процентке төмендеген. Оның ішінде бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары – 5, пәтер ұрлығы – 24, бұзақылық 49 процентке төмендесе, мал ұрлығы 35 процентке өскен.
– Мал ұрлығы біріншіден, пада ұйымдастырылмаған ауылдарда көп тіркелген. Ұрланған төрт түлік мал базарларында сатылып жатыр. Өткен аптадан бастап осы базар жұмысын күндізгі уақытқа көшіруді бастадық. Алдағы уақытта мал базары жазғы уақытта таңғы бестен, қыста таңғы жетіден бастап жұмыс істейді, – деді Ә.Оразбекұлы.
Туризмді дамытуда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен «BANAS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі несие алып, «Керемет» сауықтыру орталығы мен балаларға арналған ойын-сауық кешенін іске қосып, 17 адамды тұрақты жұмысқа қабылдаған.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |