« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Малдың жайын баққан біледі. Ебін тауып, шаруасын ұршықша иіріп, пайдасына кенелген шаруалар жетерлік. Міне, сондай еңбекқор шопандардың бірі, жаңақорғандық Машар Шайықов.
Ол 2003 жылы «Шайық» шаруа қожалығын құрды. Алғашқыда шаруашылықта 200-300 бас уақ мал болған. Кейін мал басын көбейтіп, кәсібін кеңейте түсті. Талабы теріс болған жоқ, аз жылда ірі шаруашылыққа айналды. Былтыр «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы төрт жарым миллион теңге алып, қаракөл қойын көбейтуге ден қойды. Шаруашылықта 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қаракөл қойының еті дәмді, қозысының елтірісі бағалы. Жүнінен қалың маталар мен кілем тоқылады.
«Еңбек етсең, емерсің» деген ұстанымды ұстанатын шопан мал бағу да оңай кәсіп еместігін айтты.
– Бабын тауып, жайын келтіру де үлкен еңбекті талап етеді. Мезгілге сай жайылымдарын ауыстырып тұрамыз. Жазда қарт Қаратаудың етегіне орын тебеміз. Қыста қыстауда дегендей. Қора-жайларын, жем-шөппен қамтамасыз ету үшін тынымсыз жұмыс жасаймыз. Мал төлдейтін кезде жұмысымыз екі есеге артады. Төлдерін жетілдіріп, қатарға қосу да үлкен іс. Енді ет бағытында бордақылауды қолға алсақ деп отырмыз, – дейді шаруа.
Бүгінде шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек көп. Мал тұқымын асылдандыру мен көбейту мақсатында қайтарымсыз қаржы беріледі. Төменгі процентпен несие де қарастырылған. Соның арқасында ауданда мал басы жылдан-жылға көбейіп, шаруашылықтар саны артып отыр.
«Шайық» шаруа қожалығында 1700-ге жуық уақ мал бар. Төрт түлігін өргізіп, ырзық-несібесін малдан тапқан Машар ағамыз алдағы уақытта түлік түрін асылдандыруды қолға алмақ.
Жалпы, Жаңақорған ауданында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша алдыңғы жылы бекітілген жоспар 2,8 есеге артық орындалған. Нәтижесінде 744 бас сиыр, 26 бас асылтұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алынды. Ал «Алтын асық» бойынша жоспар 4,6 есеге артығымен жүзеге асып, 572 бас аналық қой, 65 қошқар әкелінді. Сонымен бірге «Құлан» бағдарламасы бойынша 63 бас бие сатып алу белгіленген.
Осылайша мемлекет қолдауының арқасында Қаратау қойнауында төрт түлік жыл сайын артып келеді.
Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |