Қазалы ауданында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс тур өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдымен өткен аптада ашылған «Аrzanmarketpharm» супермаркетіне келді. Мұнда азық-түлік өнімдерімен қоса, дәріхана да орналасқан. 24 сағат бойы қызмет көрсететін сауда орталығының бір ерекшелігі, спиртті ішімдіктер мен шылым сатылмайды. Сондай-ақ, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауған соғысының ардагерлеріне 3 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ал әрбір 1000-шы чектің иесіне заттар тегін босатылады. Жеке кәсіпкер Болат Абыраев нысанды ашу арқылы 45 адамды жұмыспен қамтып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
652
0
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
592
0
Бұл туралы ғарышкер-ұшқыш, "Қазақстан Ғарыш сапары" Ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов Ақтөбедегі сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
691
0
Бұқарбай батыр ауылындағы «Байтабын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын ел ырысы – Сыр күрішінен мол өнім өндіріп келеді.Бірлігі жарасып, еңбек дәстүрі қалыптасқан берекелі ұжым биылғы жылғы егін жинау науқанын табысты қорытындылады. Серіктестік бойынша 1461 гектар күріштің әр гектарынан 70 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті. Сөйтіп, облыс орталығында өткен мерекелік «Алтын дән-2017» салтанатында күзгі егін жинау науқанының қорытындысымен «Байтабын» ЖШС-ның төрағасы Сапарбек Мыханов «2017 жылдың озат шаруашылығы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
654
0
1690-1760 жылдар аралығында өмір сүріп ұранға айналған ұлы батыр, ел бірлігін сақтаған би, қазақ халқына қорған болған күрескер Баймұрат Байбөріұлының дәуірі мен батырлық жорықтары жайында ғалымдар аузынан тарихи деректер айтылғанмен, оның көркем әдебиет пен кинодағы тұлғасын бейнелеу алдағы күндердің еншісі.Бүгінгі ұрпақ пен ертеңгі зәузаттардың батыр бабамыз кім еді деген сұрағына жауап беретін сондай дүниелердің алғашқы қадамдарын жасап көруге тырыстық.
ТАҒЫЛЫМ
07 желтоксан 2017 г.
4 404
0
Өзбекстанның бас прокуратурасы Ташкенттегі «Шаршара» шұжық цехына 70 келі есек еті әкелінгенін ресми нақтылады. Ақпаратқа сәйкес, цех қызметкерлері есек етін өзге еттермен араластырған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
718
0
Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы өтетін президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. Ол шешімін Нижний Новгородтағы "ГАЗ" зауытының 85 жылдығын атап өту шарасы кезінде жария қылды.
Саясат
07 желтоксан 2017 г.
958
0
Облыс аумағында жүргізіліп жатқан «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы барысында Жергілікті полиция қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мақсатында жол және коммуналдық қызмет саласының мамандарымен бірігіп көше-жол жүйесінің техникалық және эксплуатациялық жайын, медициналық мекемелердің, сауда орталықтарының, вокзал, әуежайлар мен халық көп жүретін басқа да аумақтардың тұрақтау орындарымен жеткілікті жабдықталуын тексерді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
433
0
Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген жеріне кіндігімен байланады. «Туған жер» деген қасиетті ұғымды төбемізге қойып, қастерлейтініміз де сондықтан. Қаз басқан қадамымызға, жетістіктерімізге, ат жалын тартып азамат болғанымызға куә болған сол аяулы мекен туралы естеліктер әрбіріміздің жүрек түпкірімізде сақтаулы. Күнделікті күйбең тірліктен қол босамай, туған жерге ат ізін салмай кетсек те, оған деген ықыласымыз әрбіріміздің көңіл төрімізде тұр. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген болатын.«Сыр бойы» газеті барша оқырмандарына туған жері, ауылы туралы толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, редакцияға жолдауды ұсынып отыр. Туған жер туралы мақалалардан жер-су аттары, ауылдың тарихы, елге тұтқа болған азаматтар туралы тың деректер, тағылымды ойлар күтеміз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
699
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: басқару, құралдар және субъектілер» атты тақырыпта республикалық жоғары оқу орындарының ректорлары мен басшыларының қатысуымен аймақтық семинар өтті. Семинарға Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, еліміздегі жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар Ұлттық тобының қадағалау кеңесінің төрағасы Серік Өмірбаев, Халықаралық бизнес университетінің ректоры, ұлттық топтың мүшесі Дархан Ахмед-Заки мен өзге де жоғары оқу орындарының ректорлары, оқытушылары қатысты. Семинарды университет ректоры Қылышбек Бисенов ашып, шараның маңыздылығы жөнінде кеңінен айтып берді. Сексенжылдық тарихы бар білім ордасының жеткен жетістігі мен оқыту жүйесіндегі жаңашылдық бағыты жайлы сөз болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 желтоксан 2017 г.
865
0