Путин сайлауға түсетінін жариялады

Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы өтетін президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. Ол шешімін Нижний Новгородтағы "ГАЗ" зауытының 85 жылдығын атап өту шарасы кезінде жария қылды.

2017 жылы Путин сайлауға түсу туралы сауалдарға жауап бермей келген. 65 жастағы саясаткер Ресейді 1999 жылдың соңынан бері басқарып отыр. Ол 13 жыл президент, төрт жыл премьер-министр қызметін атқарды. Оның алдында Путин Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы болған.

Ресейдегі 2018 жылғы президент сайлауына қатысуға тележүргізуші Ксения Собчак, "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинский, ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский мен бизнесмен Сергей Полонский ниет білдірген. Сайлауға оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың да түскісі келіп еді, бірақ билік оның бұрын жауапқа тартылғанын айтып тіркемеді. Навальный соған қарамастан сайлауалды үгіт-насихат кампаниясын жалғастырып жатыр.

Саясат 07 желтоксан 2017 г. 931 0