Бұл күндері Қызылорда облысында мал шаруашылығы жақсы қарқынмен дамып келеді. Жылдан жылға мемлекеттік бағдарламалар аясында байырғы атакәсіпке мойын бұрушы қандастарымыздың қатары молаюымен бірге, төрт түліктің басы да өсу үстінде. Мал басының аман сақталуы мен уақытылы егу жұмыстарының жүргізілуінде әрине, мал дәрігерлерінің өлшеусіз еңбегі бар. Солардың қатарында Жаңақорған ауданына қарасты Қыраш ауылындағы мал дәрігерлік пункт меңгерушісі Нұрлан Бимбетов те бар.
ҚОҒАМ
27 қараша 2017 г.
944
0
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Атамекен» балалар ауылының 45 тәрбиеленушісі Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалды кешені мен Байқоңыр қаласындағы музейге саяхат жасады. Бұл қайырымдылық шарасы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
678
0
Қазалы аудандық ардагерлер ұйымы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ардагер ақындар мүшәйрасы – 2017» байқауы өтті. Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мүшәйраға елді мекендер, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінен көпшілікке танымал ақындар қатысты. Халықтар достығын, еліміздің өсіп-өркендеу жолын, саяси тұрақтылықты дәріптеуді тұтынған байқауға белгілі әнші Ғалия Оспанова, ардагер өнерпаз Ұлжан Ахметова, ақындар Сержан Берденұлы, Ермекбай Ағыраев қазылық жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
586
0
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы ел дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын маңызды құжат екені белгілі. Орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілуіне байланысты, аудандық және ауылдық өңірлердің қаржылық дербестігін нығайту керектігі тапсырылды.
Экономика
27 қараша 2017 г.
1 245
0
Мал баққанға бітеді, бұған шүбә жоқ. Бабына қарай басы біріксе, қораға құт кіреді. Есең кетсе ешкі бақ, төресін тізгіндесең түйе бақ. Әйтеуір, шамаңа қарай шаруа етсең болғаны. Түптеп айтқанда, бүгінгідей нарық уақытында азығың да сол, қысылғанда кіріптарлықтан құтқаратын да сол.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
671
0
Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген жеріне кіндігімен байланады. «Туған жер» деген қасиетті ұғымды төбемізге қойып, қастерлейтініміз де сондықтан. Қаз басқан қадамымызға, жетістіктерімізге, ат жалын тартып азамат болғанымызға куә болған сол аяулы мекен туралы естеліктер әрбіріміздің жүрек түпкірімізде сақтаулы. Күнделікті күйбең тірліктен қол босамай, туған жерге ат ізін салмай кетсек те, оған деген ықыласымыз әрбіріміздің көңіл төрімізде тұр.
ТАНЫМ
27 қараша 2017 г.
1 274
0
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тамырын жайып отыр. Ол – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
АҚПАРАТ
27 қараша 2017 г.
616
0
Жуырда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Аудан көлемінде БЦЖ екпесінен бас тарту жағдайының алдын алу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
525
0
Жуырда облыстық білім басқармасы мен ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша семинар өтті. «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізудің маңызы» тақырыбында өткен шараға жалпы білім беру мектептеріндегі тәлімгерлер, психологтар, колледждердегі АИТВ-ның алдын алу бойынша жауапты мамандар қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
953
0
Қазақстанның қаржы жүйесі Халық комиссарлары құрамында Қаржы халық комиссары атымен 1920 жылдың қазан айынан өзінің жұмысын бастаған. 1923 жылдан бастап аталған Халық комиссарлары құрамында Бақылау-тексеру басқармасы құрылды. Оның атқаратын міндеті халық комиссариатының мемлекеттік қаржының жұмсалуы мен бюджеттің орындалуы туралы есептеріне бақылау жүргізу болып белгіленген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 қараша 2017 г.
746
0