« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстанның қаржы жүйесі Халық комиссарлары құрамында Қаржы халық комиссары атымен 1920 жылдың қазан айынан өзінің жұмысын бастаған. 1923 жылдан бастап аталған Халық комиссарлары құрамында Бақылау-тексеру басқармасы құрылды. Оның атқаратын міндеті халық комиссариатының мемлекеттік қаржының жұмсалуы мен бюджеттің орындалуы туралы есептеріне бақылау жүргізу болып белгіленген.
Қаржылық бақылау құрылымы 1923 жылдан бастап өз тарихында даму кезеңдерінен өтті. Соған орай атауы да сан мәрте өзгерді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы 17 наурыздағы №684 «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, ҚР Министрлер кабинетінің 1992 жылы 15 қазандағы №864 қаулысымен ҚР Қаржы Министрлігінің Бақылау-тексеру басқармасы негізінде ҚР Министрлер кабинеті жанынан Мемлекеттік Қаржы бақылау Комитеті құрылды. Бұл мекеменің құрылуы республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің қажеттілігінен туындады.
Комитетті әр кезеңде Сыр бойының тумалары С.Әйімбетов, М.Ауанов басқарды. Бұл ағалардың алғашқысы Парламенттің Мәжіліс депутаты болып, ал кейінгісі Үкімет құрылымында жауапты қызмет атқарған. Комитеттің құрылымында облыстар және Алматы қалалары бойынша тиісті басқармалар болды. Басқармалардың бақылауында және оған есеп беретін әр аудандар мен қала бойынша бөлімшелер құрылды. Басқармаға және бөлімшелерге жүктелген қызметтерге қарай, тиісті экономикалық, бухгалтерлік білімі және осы салада атқарған қызмет өтілдері бар мамандар тартылды. Атап айтқанда, басқарма басшысы болып 1974 жылы халық шаруашылық институтын бітіріп, осы институттың жолдамасымен облыстық қаржы бөліміне келген С.Аманжолов тағайындалды. Облыстың 7 ауданында және Қызылорда қаласында бөлімшелер құрылып, тиісті білікті мамандармен жасақталды. Бөлімшелерді Ә.Төлепбаев, Ә.Қойшыбаев, Б.Өтегенов, Б.Әмитов, И.Оспанов, Т.Оразбаев, Т.Бөріқұлақов, Ә.Ақпанбетовтер басқарды. Жоғарыда айтып кеткендей, жүктелген міндеттемелерді орындау мақсатында басқармаға Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген экономист, еліміздің қаржы саласындағы белгілі маман, 27 жыл бойы қаржы бөлімін, кейіннен облыстық қаржы басқармасын басқарып, зейнетке шыққан К.Шөкенов қабылданып, ақыл-кеңесін беріп отырды. Сондай-ақ, заң жөнінде кеңес беріп отыратын милиция полковнигі, зейнеткер Б.Бекмамбетов қызмет атқарды, ал бухгалтерлік есеп жөнінде кеңес беру үшін Қызылорда ауылшаруашылық техникумының ұстазы А.Бекішов бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
Сол сияқты жаңа құрылымға бұрыннан бақылау-тексеру басқармасында қызмет атқарған Ө.Гүлімбетов, Кан Ен Гын, Ж.Шәймерденов, Ә.Нұржанов, Р.Ахметов, Б.Аяпов, Қ.Сейтжанова, Н.Есенгельдиева, Б.Құлымбаев, ведомстволық бағыныстағы тексеру бөлімдерінде қызмет атқаратын М.Ажарбаев, Қ.Әлиев, Л.Тәшімбетова, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру басқармасында қызмет атқарған Ж.Бектібаев (кейін Жаңақорған ауданының әкімі болып қызмет атқарды) қабылданды.
Осы ұжымда қызмет жасап, өз біліктіліктерін көрсеткен төрт басқарма қызметкері – Б.Шонықов, А.Келманов, Е.Бердібаев, С.Жәрекеев Қаржы полициясы, прокуратура органдарына шақырылып, қызмет ауыстырды. Сонымен қатар біздің инспекцияда қызмет атқарған А.Ерғалауов – «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасында қызмет атқарады.
2005 жылдан бастап басқарма құрылымының өзгеруіне, атап айтқанда ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының сақталуына бақылау жүргізу жүктелуіне байланысты басқарма «Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу» деп аталды және осыған байланысты жаңадан бөлім ашылды.
Басқарманың құзыретіне мемлекеттік мекемелер қызметтерінің қаржылық есептілігі мен тиімділігіне және ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің толықтылығы мен дұрыстығына бақылау жүргізу жүктелді. Сол сияқты ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы №264 қаулысына сәйкес басқарма «ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті болып қайта құрылды. Департаментке бұрын біздің басқармада, орталық аппаратта, Әділет министрлігінде, Орталық сайлау комиссиясын, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы болып қызмет атқарған Ғ.Қалиев 2016 жылдың қазан айынан бастап басшы болып тағайындалды.
ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес департаменттің құзыретіне жаңадан міндеттемелер жүктелді, бақылау жүргізу тәсілдері анықталды. Осы жүктелген міндеттемелерді абыроймен орындап жүрген, кезінде маман болып қабылданған, қазіргі бөлім басшылары М.Олжабаев, Р.Есмаханова, М.Өмірбаева, М.Керейбаева, байырғы қызметкерлер Ә.Әбілхайыров, Б.Смағұлова, М.Прмантаев және де жаңадан қабылданған мамандар, ұйымшыл ұжым қызметкерлері мен департаменттің білікті басшылары.
Ұжымдағы әрбір қызметкер өздерінің ел алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді. Олар жігерлі, жауапты қызметтерімен еліміздің тұрақты экономикасына ықпал етіп, Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосатынына сеніміміз мол.
С.СЫЗДЫКОВ.
Қызылорда облысы бойынша
қаржылық бақылау жүйесінің
ардагері.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |