« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда облыстық білім басқармасы мен ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша семинар өтті. «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізудің маңызы» тақырыбында өткен шараға жалпы білім беру мектептеріндегі тәлімгерлер, психологтар, колледждердегі АИТВ-ның алдын алу бойынша жауапты мамандар қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру саласындағы қызметкерлердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыра отырып, оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау.
Шарада бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, қоғамға, отбасына, білім саласына тигізетін әсері туралы айтылды. Облыс көлемінде оқушылар мен мұғалімдер арасында аталған тақырыпта жүргізілген сауалнама қорытындысы шығарылды. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Қарымсақова, дәрігер-әдіскері Ж.Қыстаубаева, педагогы Н.Смағұлова баяндама жасады. Семинарға қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, оларға мамандар тарапынан тұшымды жауап берілді.
Әсел Оразалиева,
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының баспасөз хатшысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |