
Қазалы аудандық ардагерлер ұйымы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ардагер ақындар мүшәйрасы – 2017» байқауы өтті. Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мүшәйраға елді мекендер, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінен көпшілікке танымал ақындар қатысты. Халықтар достығын, еліміздің өсіп-өркендеу жолын, саяси тұрақтылықты дәріптеуді тұтынған байқауға белгілі әнші Ғалия Оспанова, ардагер өнерпаз Ұлжан Ахметова, ақындар Сержан Берденұлы, Ермекбай Ағыраев қазылық жасады.
Сайыс қортындысында Жанқожа батыр ауылынан келген ақын Әли Шайқұлов, кент тұрғыны Мақсат Айгелдиев, Қазалы қаласының ақыны Салия Дүзбаева облыстық ақындар мүшәйрасына жолдама алды. Барша қатысушылар мен жеңімпаздарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов марапаттады.