« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тамырын жайып отыр. Ол – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты да – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады, өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылуы тиіс. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуді қоғам болып қолға алу қажет. Індетпен күресу мақсатында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысуымен түсіндірме жұмыстарын, «дөңгелек үстел» сынды пәрменді шараларын ұйымдастырып келеді. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа жеткізіліп жүр. Себебі, мемлекеттің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартатын, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздейтін шаралар жасалып жатқан тұста, алға басқан қадамды кері тартып, дамуға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту – әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.
Қабылбек ҚЫСТАУБАЕВ,
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің
Қызылорда облысы
бойынша департамент
басшысы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |