Бейсенбі күні облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған С.Имандосов төрағалық етті. Жиында қаралған алғашқы мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова хабарлама жасады. Ол облыс азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы айтып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
541
0
Арқалы ақын, дарынды драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев) 70 жастың желкенін керіп, кемел шағының кемесімен қазақ руханиятының айдынында кемеңгерлік көкжиегін бетке алып барады. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары әдебиет әлеміне дара даусымен қосылған ақынның шығармашылық бет-бейнесіне қазақтың марқасқа тұлғалары сол кезде-ақ «өлеңге тағы бір Абай келді» деп өзгеше бағаларын берген болатын. Алдағы қараша айында Сырда туып, сарыны Алашты кезген ақынның мерейтойы облыс орталығында аталып өтпек. Осы айтулы күн қарсаңында «Сыр бойы» газеті ақын жайындағы әр кезеңде жазылған белгілі тұлғалардың пікірлерін, мақалаларын, арнауларын жариялап отыруды жөн көрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
812
0
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, академик Шахмардан Есеновтің 90 жылдығына арналған «Қазақстанның кен ресурстары: игерілуі, даму барысы мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, академик Досмұхамед Кішібеков, геологтар, ғалымдар, болашақ геология саласының мамандары мен докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
733
0
Биыл Қазақ ССР Балық шаруашылығының бұрынғы министрі, еңбек ардагері Құдайберген Саржанов 80 жасқа толды. Ол Арал теңізін құтқаруға және қаяз балығын сақтап қалуға үлес қосқан, қатардағы балықшыдан министр дәрежесіне дейін көтерілген қайраткер азаматтың бірі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Құдайберген Саржанұлын арнайы қабылдап, мерейтойымен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
509
0
Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орнында жұмыс сапарымен болып, салынып жатқан жаңа комбинаттың құрылысымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
766
0
Мүгедектерге арналған оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі көтерілді. Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мен облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің, басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету кезіндегі жүйелі проблемалар, оңалтудың жеке бағдарламасын толық қамтамасыз ету басты назарға алынғаны айтылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
702
0
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы – мемлекетіміздің тұтас рухы мен дәстүріне айналды. Әрбір жолдау Қазақстанның кемелділігі мен азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Тағы бір жылды тарих қойнауына қалдырып, жаңа жылға аяқ басқан тұста Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кең ауқымды тақырыпты қамтыған биылғы Жолдауы еліміздің даму жолындағы жаңа міндеттер мен тың идеяларды айқындап берді.
АҚПАРАТ
21 қазан 2017 г.
447
0
Үстіміздегі жылғы 19 қазанда елордада алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылуының 60 жылдығына арналған «Ғарышқа қазақстандық жол: Жүзеге асуы мен даму келешегі – 2017» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
542
0
Орган атауыАзаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы және тегі аты жөніАзаматтарды қабылдау күні мен уақытыМемлекеттің органның орналасқан жеріБайланыс телефоныҚызылорда облысының Ішкі істер департаментіДепартамент бастығы Мұхитов Қайрат БолатұлыБейсенбі сағат 17:00-18:00Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 188/7242/29-56-87Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіДепартамент бастығының бірінші орынбасары Төлебаев Ғани ӨтепұлыСәрсенбі 16:00-18:00Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 188/7242/29-50-11Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіДепартамент бастығының орынбасары Шаймағамбетов Әмірбек БердібекұлыСейсенбі 16:00-18:00Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 188/7242/29-50-11Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіДепартамент бастығының орынбасары Анарбаев Нұрлан СансызбайұлыБейсенбі 16:00-18:00Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 188/7242/29-50-36Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіДепартамент бастығының орынбасары Оспанов Жарас ӨмірбекұлыДүйсенбі 16:00-18:00Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 188/7242/29-50-54Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіДепартамент бастығының орынбасары Қобландин Қалижан ЖенисбековичЖұма 16:00-18:00Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 188/7242/29-50-36
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
697
0
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Жүрек жылуы” мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалі биыл да көптің көңілінен шықты. Өнерлі жеткіншектерді қолдап, шығармашылығын шыңдауды, рухани жігер сыйлауды мақсат тұтқан байқауға 200-ге жуық бала қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қазан 2017 г.
456
0