« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орнында жұмыс сапарымен болып, салынып жатқан жаңа комбинаттың құрылысымен танысты.
«Шалқия» кен орны кен қоры жағынан әлемдегі ірі кен орындарының бірінен саналады. Мұнда өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасынан бастап қорғасын мен мырыш өндіріле бастады. Кешегі тоқырау жылдары базары тарқап, мамандары жан-жаққа тараған кеніштің жұмысын қайта өрлетуге тәуелсіз Қазақстанда жылма-жыл ізденісті жұмыстар жалғастырылып келеді. Бұл, әрине, жерасты байлығын ел игілігіне пайдаланумен қатар аймақ тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы олардың әлеуметтік жағдайларын көтеруіне байланысты. Елбасы тапсырмасына орай, облыс әкімі «Шалқияны» жаңа технологиялар арқылы биік жетістіктерге көтеру жолында ізденісті жұмыстарды үздіксіз жалғастыруда. Комбинатқа әлемнің жетекші елдерінің мырыш-қорғасын өндіретін озық технологиялары енгізіледі. Жерасты қазбаларын игере отырып, оны әлемдік нарық сұранысына сай байыту мақсатында облыс аумағындағы «Шалқия» кеніші «Қазақстан Республикасы Тау-Кен өндірісін игерудің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жол картасына енгізілді.
Міне, осы орайда кеніш іргесінде салынып жатқан кен байыту комбинатының құрылысына инвестициялық қаржы тарту мақсатында осы жылдың ортасында Еуропалық қайта құру және даму банк өкілдігі және «Тау-Кен» Самұрық» АҚ басшылығы арасында 350 миллион АҚШ долларына келісімге қол қойылды. Осы шарт негізінде күрделі құрылыстың алғашқы кезеңіндегі жұмыстар қарқын алып келеді. Жобаның жалпы құны 500 млн АҚШ долларын құрайды.
– Жыл соңына дейін кен байыту фабрикасының құрылысы толыққанды басталады деп жоспарлап отырмыз. Онда жұмыс алаңдарына газ құбырларын тарту, кен сақталатын қоймаларды жаңа талапқа сай жаңғырту және басқа да қосымша жұмыстар қатар жүгізілетін болады. Елбасы атап көрсеткендей, «Цифрлы кеніш» жобасы жүзеге асырылады, – деп мәлімдеді «Шалқия-Цинк ЛТД» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Сұлтанбаев.
«Шалқия» кен орны мырыш қоры мен көлемі жағынан әлемде 4-ші орында.
– Аймақ экономикасының дамуына үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы тың серпін берді. Бағдарлама аясында облыста 20 жоба жүзеге асса, бүгінде оның 16-сы толық қуаттылығында жұмыс істеп тұр. Бұл туралы мен күні кеше Астана қаласында республикалық БАҚ өкілдеріне берген брифингте мәлім еттім. Облысымызда соңғы жылда ҮИДБ кәсіпорындары өндірген өнім экспорты 23 пайызға артып, импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге жетті. Сондай-ақ, Шиелі ауданында алдағы жылы мұнай-газ жəне уран өндіруде кеңінен қолданылатын тампонажды цемент шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл кəсіпорындардың барлығының экспорттық əлеуеті жоғары, жаңа технологияларға негізделген. Бұған қоса британдық инвесторлармен бірлесіп Қаратау бөктеріндегі «Баласауысқандық» ванадий кен орнында қара тақта тасты автоклавта өңдейтін жобаны жүзеге асыруды қолға алдық. Сол секілді қорғасын мен мырыштың мол қоры бар «Шалқия» кенішінің де келешегі кемел болатындығына сенім мол. Жасалып жатқан жұмыстардың барлығы сол үшін, – деді аймақ басшысы.
Нақты кезеңде құрылыс басында 670 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыс ауқымына орай жұмысшы-қызметкерлер саны да арта түседі деп күтілуде. Өндіріс орны тоқырап қалған кезде өзге аймақтарға көшіп кеткен мамандар туған өңірге қайта оралуда.
– Ел Президенті тапсырмасына орай талап дәрежесінен көріну үшін Қазақстан мемлекеті, әрине, өз мүмкіндігін сарқа пайдалануы тиіс. Осы орайда ұзақ жылдар бойы тұрып қалған аталған кеніштің қан тамырына жан кірді. Жоспарға сай кен байыту комбинатын 2019 жылы іске қосамыз. Ал, 2020 жылға қарай жылына 4 млн тонна өнім бере бастауы тиіс. Қазіргі ұйымдастыру жұмыстары осыған бағытталған. Мұндағы барлық жұмыстар қадағалауда болады, – деді басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
Кеніштің қат-қабат шаруаларымен қатар қазіргі уақытта су жолдарын реттеу және ішкі электр қуаты желісін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс басшысы мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы кеніш басындағы нақты жағдаймен танысып, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Жаңақорған ауданы,
Шалқия кеніші.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |