« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы – мемлекетіміздің тұтас рухы мен дәстүріне айналды. Әрбір жолдау Қазақстанның кемелділігі мен азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Тағы бір жылды тарих қойнауына қалдырып, жаңа жылға аяқ басқан тұста Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кең ауқымды тақырыпты қамтыған биылғы Жолдауы еліміздің даму жолындағы жаңа міндеттер мен тың идеяларды айқындап берді.
Қазақстанның Үшінші жаңғыруы қалай болмақ? Бұл сұраққа Президент Жолдауында: «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» деген жауап берілді. Демек, үшінші жаңғыру – «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді сара жол. Елбасымыздың ең басты мақсаты – жай ауызбен айтылатын қағида емес, нақты істердің жол картасын жасап беру. Осы бағытта ілгерілеп даму арқылы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену.
Бұнда экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған негізгі бес басымдық қарастырылады. Бірінші басымдық – экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту. Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту. Үшінші басымдық – қаржы секторын «қайта жаңғырту». Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Ал бесінші басымдық – қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Қорыта айтқанда, Елбасының биылғы Жолдауы – Қазақстан үшін жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшу арқылы жаһандық технологиялық бәсекелестікке ұмтылуға негізделді. «Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс», – деді Елбасы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін құжаттардың мерзімі мен тізбесі қысқартылып, қайталанатын рәсімдер жойылатын болады.
Елбасының сөзімен айтсақ, Үшінші жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ.
Н.АРЗЫҚҰЛОВА,
облыстық әділет
департаментінің бас маманы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |