ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ – ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ – ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

Бейсенбі күні тұрғындардың құқығы мен мүддесін қорғауға жағдай жасау мақсатында Құқық қорғау қызметтері орталығы құрылды. Жаңалығы мол жаңа нысанның ашылуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, түйіткілдің түйінін шешіп, жанжалдың алдын алғысы келетіндер енді әуре-сарсаңға түспейтінін айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2017 г. 569 0
Бұлантының бойында  ҚАЗАҚ ҚАЛЫҢ ҚОЛ ЖИҒАН

Бұлантының бойында ҚАЗАҚ ҚАЛЫҢ ҚОЛ ЖИҒАН

 Алтай мен Атыраудың арасындағы сайын даланы мекендеген қазақ халқының басынан небір нәубетті жағдайлар өткен. Солардың бірі ретінде «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» заманын атап өтуге болады. Атамекенінде шапқыншылыққа ұшырап, «Елім-ай­лаған» жұрт қайта бас көтеріп, 1727 жылы Бұланты өзенінің бойында қалмақ әскерімен кескілескен ұрысқа түседі. Елбасы Н.Назарбаев: «Орыстар үшін «Полтава шайқасы» қандай маңызды болса, біз үшін де «Бұланты шайқасының» тарихи маңызы зор», – деген болатын.  Биыл бұл  оқиғаға 290  жыл толып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2017 г. 1 258 0
ОҒЫЗДАРДАН ҚАЛҒАН ҚОБЫЗ

ОҒЫЗДАРДАН ҚАЛҒАН ҚОБЫЗ

Сыр өңіріндегі Қорқыт кесенесі маңынан тастан жасалған қобыз табылды. Археологтардың болжамы бойынша, бұл жәдігер оғыз дәуіріне жатады. Ал Сортөбе қаласы – ІХ-Х ғасырларда сауда-саттығы дамыған, тіршілігі қызған шаһар болған. Қазір ежелгі мекеннің 60 пайызын су шайып кеткен. Құнды жәдігерді археологтар Сортөбе қалашығының үшінші қабатын қазу кезінде тауып отыр. Қобыздың көлемі 40 сантиметр шамасында. Музыкалық аспаптың мүсіні құмшауыт тастан қашалып, моншақтармен әрленген. Ғалымдар осы ретте егер көне қалашық толық аршылса, Қорқыт бабаға қатысты жаңа деректер шығуы мүмкін екендігін айтады.
ТАНЫМ 26 тамыз 2017 г. 1 048 0
КӨНЕ ЗАМАН ТАҢБАЛАРЫ

КӨНЕ ЗАМАН ТАҢБАЛАРЫ

Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең ­басты аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз.
ТАНЫМ 26 тамыз 2017 г. 2 330 0
МҰСЫЛМАННЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

МҰСЫЛМАННЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Мұсылмандардың ұлық мере­кесі – Құрбан айт биыл қыркүйектің 1,2,3 күндері өткізілмек. Айт намазы қаланың барлық мешітінде таңғы сегізде оқылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойын­ша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров Құрбан айт мейрамында ұйымдастырылатын шараларды мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2017 г. 539 0

ҚАЛА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАМЫЗ МӘСЛИХАТЫ

Елбасы айтқан үштілді білім беру бағдарламасы асығыстықтан ақсауы мүмкін. Бейсенбіде өткен «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» атты Қызылорда қалалық тамыз конференциясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы үш тілді үш-төрт жылда үйреніп шығу мүмкін емесін, бұл істе асығыстыққа жол беруге болмайтынын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2017 г. 465 0
ТЕРІСКЕЙГЕ ЖОЛДАМА КӨП

ТЕРІСКЕЙГЕ ЖОЛДАМА КӨП

Жырақ жерден теріскейге қоныстану, түтін түтетіп, ұрпақ өсіру – демографиялық ахуалдың тепе-теңдігін қалпына келтірудің негізгі жолы. Оның астарында салт-дәстүрі­мізге, әдет-ғұрпымызға, ана тілімізге жетік жұмыс қолдарын көптеп тарту арқылы ұлттық құндылықтарымызды, қазақы қалып-бейнемізді орнықтыру сияқты мақсат-мүдде­лер жатқанын жан-дүниеміз ұғына­ды. Өйткені Президенттің «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінде айтқан: «Байлық та, бақыт та, өмір де өз еліңде. Сырттан бақыт іздегеннің ісі баянды болғанын көргенім жоқ. Қанша миллиардер болсаң да, қызықтың барлығы өз еліңде, өз бала-шағаңның жанында» деген ұлағатты сөздері ойға оралады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2017 г. 884 0
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ

Ұлттық талғамы мен сана-сезімі жоқ адамда отаншылдық рух та болмайды. Бұл – ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Ендеше, бұл міндеттерді шешудің қайнар бұлағы – мектеп және оның жүрегі негізгі тұлға ұстаз. Сондықтан ең маңызды міндеттеріміздің бірі – педагог мәртебесін көтеру. Облыстағы жалпы орта білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдер саны 20409 болса, оның 92 пайызы – жоғары білімді, 46,3 пайызы – бірінші және жоғары санатты педагогтар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2017 г. 659 0
PDF 25 тамыз 2017 г. 614 0

Қалаған үміткерге дауыс беріңіз!

  Құрметті қызылордалықтар! Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру жөніндегі Ұлттық жобасы аясында өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық конкурсын ұйымдастыруда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2017 г. 880 0