« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт биыл қыркүйектің 1,2,3 күндері өткізілмек. Айт намазы қаланың барлық мешітінде таңғы сегізде оқылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров Құрбан айт мейрамында ұйымдастырылатын шараларды мәлімдеді.
– Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра-мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі – құрбандық шалады. Құрбан айт мерекесіне орай, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына ет таратылатын болады. Айттың бірінші күні орталық мешіт алаңында ұлттық нақышта киіз үйлер құрылып, дастархан жайылады, – деді Т.Омаров.
Айт күндері аймақ мешіттерінің жанынан санитарлық талаптарға сай қасапхана жұмыс істейді. Брифингте құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар, қасапшылардың талап пен ережелерді толық сақтауы, құрбандық шалудың маңыздылығы туралы толық ақпарат берілді.
– Айта кету керек, айт намазына дейін шалынған мал тек отбасы үшін сойылған ет ретінде ғана есептеледі. Сондықтан айт намазы оқылмай құрбандық шалынбауы тиіс. Кез келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді мал жарамды, – деді бас имам.
Айта кету керек, бүгінде құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін, құлшылықтың не үшін жасалатынын ұғына бастаған мұсылман қауымы көбейіп келеді. Өткен жылы облыс бойынша Құрбан айт мерекесінде 500 отбасына 6 тонна ет таратылды. Айтта осындай амалдарды жасау қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген сыйластықтарын, қайырымдылығын барынша арттырмақ.
Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ,
Н.НҰРЖАУБАЙ (сурет).
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |