Өткен сенбіде облыс әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданында республикалық және аймақтық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Шырайлы Шиелінің кезінде ауыл шаруашылығындағы озық нәтижелерімен республикаға атағы жайылса, енді заман талабына сай өндірістік, индустриялық жобаларды жүзеге асыруымен көзге түсуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 тамыз 2017 г.
950
0
Қадірлі ұстаздар!Тамыз кеңесінің құрметті қонақтары!Баршаңызды алдымызда келе жатқан Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!Бұл күн – алтын ұясына сағына ұмтылып, шұрқыраса табысатын шәкірттердің ғана емес, білім мен тәрбиені кие тұтқан абзал ата-аналар мен ұлағатты ұстаздардың да мерейлі мерекесі.Жаңа оқу жылының қарсаңында жыл сайын жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің көкейтесті мәселелерін ортаға салып, еркін ой бөлісу – біздің игі дәстүріміз. “Тамыз кеңесі” деген атқа ие болған осы алқалы жиында өткенімізге ой жіберіп, келешекке бағдар түзуді әдетке айналдырғанбыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 тамыз 2017 г.
1 771
0
Құрметті қызылордалықтар!Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бүкіл халықтың ерік-жігері. Негізгі Заңның арқасында біз тарихи дәуірлер кезеңін сенімділікпен еңсердік» деді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 тамыз 2017 г.
1 178
0
2017 жылғы 2 қыркүйекте Жалағаш, Сырдария ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі төменде көрсетілген орындарда өткізіледі. Басталуы сағат 09.00.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 тамыз 2017 г.
366
0
Сыр елі – сүлейлердің бесігі. «Сырға барып жыршымын деме» дейтін сөздің астары соны айғақтап тұр. Тәңіршілдік пен Ұмай анаға бас иген түркі өркениетінде «сүлей» сөзі «соғыс құдайы» деген мағына береді екен. Қобыз бен домбыраның құдіреті бұл атауды «өнер құдайы» деген мәнге ауыстырған. Шынында қара бұлтты көшіріп, жаңбыр төктірген қобыз үнінің қасында мылтықтың дауысы ешкімді селт еткізбес еді. Ал, ұлының қазасы үстінде көзін қан қаптаған Шыңғысханға жан адамның дәті жетпеген жаманатты сайрап тұрып жеткізген домбыраның алдындағы қарудың қауқары қайсы?!
ТАҒЫЛЫМ
29 тамыз 2017 г.
2 584
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігі аппаратының кезекті мәжілісі өтіп, онда бірнеше маңызды мәселе қаралды.Алғашқы талқыланған жер қойнауын пайдалануға қатысты облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев хабарлама жасады. Оның атап өткеніндей, 2017 жылдың 8 айында облыс аумағында жер қойнауын барлау және пайдалы қазбалар алу жөнінде 87 келісім жасалып, 75 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олардың басым көпшілігі Сырдария, Жаңақорған, Арал және Шиелі аудандарында жұмыс атқарады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия отырыстарында 16 өтініш қаралған. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде 16 арыз жұмыс тобы отырыстарында қаралды. Минералдық-шикізат базасын кеңейту және жаңа кен орындарын игеру мақсатында 11 жаңа келісім-шарт жасалып, олардың шарттарының орындалуына мониторинг жүргізілген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 тамыз 2017 г.
400
0