Күллі әлем көз тіккен көрме

Күллі әлем көз тіккен көрме

Ұлы еліммен мақтанамын
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 610 0
Қызметтестер көрмені тамашалайды

Қызметтестер көрмені тамашалайды

Кеше бүкіл әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ашылды. Жасыл экономика тақырыбына арналған жаһандық көрмеде 100-ден астам мемлекеттің және Халықаралық ұйымдардың павильондары көпшілікке ұсынылып, қонақтарды қабылдау басталмақ. Үш айға созылатын айтулы шараны 5 миллионнан астам адамның тамашалайтындығы, соның ішінде келуші туристер санының артатындығы айтылуда. Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған ауқымды жиынды қызықтау үшін Астанаға ағылатын отандастарымыздың қарасы көп болмақ. Соның ішінде Сырдан Сарыарқаға бет алатын жерлестеріміз де аз емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 606 0
"ЭКСПО кубогы": Ұшқыр бәйгеде "Шаңтимеске" шаң тимеді

"ЭКСПО кубогы": Ұшқыр бәйгеде "Шаңтимеске" шаң тимеді

Бүгін Астанада Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО КУБОГЫ» өтті, деп хабарлайды BAQ.kz.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 716 0
Көрген де арманда...

Көрген де арманда...

Бүгін Астанада басталған халықаралық «EXPO-2017» көрмесі үш ай бойы жалғасады. Жақсыны көрмекке қызылордалықтар да асық. Облыс бойынша ақпараттық ресурстық орталық жетекшісі Жандос Тұсмағамбетовтың айтуынша, күні бүгінге дейін 40 мыңнан астам билет сатылған. Күзге дейін баратындар саны еселенетіні анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 652 0
АСТАНА атын асқақтатқан ЭКСПО

АСТАНА атын асқақтатқан ЭКСПО

Сыр елінен көрмеге аттанған тілшілер Астанадан хабарлайды:
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 555 0

САУДАҒА ТҮСЕТІН НЫСАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жа¬һан¬дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елімізде қарқынды жүріп жатқан жекешелендірудің екінші толқынының маңыздылығы, сондай-ақ ел экономикасына қарқын беретін, бәсекелік қабілетін арттыратын жаңа бағыт бағдары атап көрсетілген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 494 0
ҚҰМКӨЛ КЕНІШІНДЕГІ ЕҢБЕК МАЙДАНЫ

ҚҰМКӨЛ КЕНІШІНДЕГІ ЕҢБЕК МАЙДАНЫ

Сыр елін қашаннан жыр елі деп атайды. Өйткені мұнда жыраулық өнер туын тіккен. Ақ қүріштен тау тұрғызуы себепті «Ырысты, күрішті Қызылорда» аталды кейінгі кезеңдері. Ал соңғы 30 жылдың шамасында мұнайлы, шырайлы өлкеге айналдық. Оның себебі Қызылорда еліміздегі қара алтын өндіруші санаулы облыстардың қатарынан мықтап орын алды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 1 052 0
«НҰРЛЫ ЖЕР»: БАСПАНАЛЫ БОЛУ БАҚЫТЫ

«НҰРЛЫ ЖЕР»: БАСПАНАЛЫ БОЛУ БАҚЫТЫ

Еліміздің әлеуметтік саясатындағы ең маңызды бағыт – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.  Үй болмай, күй болмайтынын пәтерден пәтерге көшіп көргендер жақсы түсінеді. Тұрғын үй нарығындағы жекешелендірудің алғашқы толқынында үкімет берген баспанасын өз иелігіне өткізіп алғандар мен тұрғын үймен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы жарияланғанға дейінгі аралықты ешкім ұмытпаған болар. Бұрынғыдай тегін үй беру тоқтап, жаңа құрылыстар мүлде салынбаған кезеңде баспаналы болудан үміттілер мүлдем аз еді.     «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесін жүзеге асыруды бастаған сәттен баспана нарығында дүмпу пайда болды. Банк мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысып, баспанаға мұқтаж жандардың басты мәселесін шешті.  Қазір  Елбасы -тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда. Біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаевпен банк қызметіндегі жаңашылдықтар жайында  сұхбаттасқан едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 670 0
Тарихи тауар

Тарихи тауар

Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО  1851 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында көрменің танымалдылығы әлемді шарлап кетті. Сарапшылардың есептеуінше, Лондондағы алғашқы көрмеден бері ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам көруге келген. Осы арқылы жұртшылықты техника жаңалықтарын бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырды. Ал, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» бізді қандай жаңа техникалық озық дүниесімен баурайды?
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 668 0

КҮРЕ ЖОЛДА КЕДЕРГІ АЗАЯДЫ

Облыс бойынша көлік бақылау инспекциясы және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолының бойында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді. Шараның мақсаты – жеке және заңды тұлға¬ларға нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 540 0