Маусымның 28-і күні елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді, - деп жазады "Кызылорда ньюс" интернет газеті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
453
0
Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қызылорда облысындағы әр түрлі меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындарға ҚР еңбек заңнамаларының сақталуына орай тексерулер жүргізді. Нәтижесінде осы жылғы бірінші тоқсанда 2 кәсіпорын бойынша 346 жұмыскерге 73 801 964 теңге жалақы қарызы қалыптасып отырғаны («Миниса Үміт» балабақша шағын орталығы 28 жұмысшыға - 5,4 млн тг, «МЖЗ Шапағат» ЖШС 318 жұмысшыға - 68,4 млн тг) анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
477
0
Бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңырда» туристік аймақты дамыту жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
516
0
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, оның ішінде қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру жөніндегі саяси шешімі ел ішінде, зиялы қауым арасында қызу талқыланып жатқаны баршамызға белгілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
736
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтті. Аймақ басшысы орын алған кадрлық өзгерістермен таныстырып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге кезек берді.«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының 800 шақырымнан астамы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Жол бойы сервисінің құрылысы үшін 41 нүкте белгіленген. Дәліз бойындағы сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы хабарлама жасаған облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Н.Өмірсерікұлы бүгінде 16 нысан пайдалануға берілгенін айтты. Жыл соңына дейін тағы 20 нысан іске қосылады. Ал 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 нысан пайдалануға берілмек. Ендігі міндет салынып жатқан сервистік кешендердің стандартқа сәйкестігін, мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету болып отыр. Сонымен бірге сервистік қызмет көрсету нысандарының құрылысына берілген жер учаскелерінің өз мақсатына пайдаланылуына талдау жасап, жоба мерзімінде игерілмеген жағдайда жер учаскелерін заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
689
0
«Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мем¬лекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет». Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аттыҚазақстан халқына Жолдауынан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
752
0
Егін жинау науқанының қызып жатқан кезі. Облыстық радионың тілшісі Гүлнар Тәуенқызы іссапармен Жалағашқа келді. Мақсат – Сыр маржанын төкпей-шашпай жинап, ел ризығын арттыруға еселі үлес қосып жатқан дала ерлерімен сұхбаттасау, озат звенолар мен бригадаларды жазу.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
590
0
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтей әлеуметтік желілерде пікір жазудың жауапкершілігі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
403
0
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 10 жылда 1,5 миллион баспана салу керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды abctv.kz телеарнасына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
406
0
Аймақта егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылы 179,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, олардың ішінде күріштің үлесі 89,3 мың гектарды құрайды. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде судың деңгейі 38-ден 42 метрге көтерілді. Теңіз айдыны кеңейіп Арал қаласына 4,5 есеге жақындады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 маусым 2017 г.
600
0