140 млн теңгеге жуық жалақы қарызы өндірілді

 
Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қызылорда облысындағы әр түрлі меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындарға ҚР еңбек заңнамаларының сақталуына орай тексерулер жүргізді.  Нәтижесінде осы жылғы бірінші тоқсанда  2 кәсіпорын бойынша  346  жұмыскерге  73 801 964  теңге  жалақы қарызы қалыптасып отырғаны («Миниса Үміт» балабақша шағын орталығы 28 жұмысшыға - 5,4 млн тг, «МЖЗ Шапағат» ЖШС 318 жұмысшыға - 68,4 млн тг) анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
Мемлекеттік инспекция тарапынан жұмыс  берушілерге тиісті айыппұлдар салынды. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында жыл басынан бері 32 кәсіпорындағы 1200 жұмысшыға  139,3  млн теңгенің жалақы қарызы өндіріліп берілді.   Еске сала кетсек, өткен жылы басқарма облыс көлемінде орналасқан барлық кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерінің жұмыс берушілері және кәсіподағымен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу және штат санын қысқартпау, жұмыс орнын сақтау мақсатында меморандумдар жасаған болатын.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2017 г. 477 0