« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймақта егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылы 179,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, олардың ішінде күріштің үлесі 89,3 мың гектарды құрайды. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде судың деңгейі 38-ден 42 метрге көтерілді. Теңіз айдыны кеңейіп Арал қаласына 4,5 есеге жақындады.
Бүгінде өңірде Кіші Арал мен қаланың арасы 17 шақырым. Тұщы сумен бірге Кіші Аралда жоғалып кеткен жиырма шақты балық түрі қайта пайда болды. Осылайша, өңірде балық кәсіпшілігі қайта түлеуде. Нәтижесінде өңірде балық өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді. Олардың өнімдері таяу және алыс шетелдерге шығарылуда. Еурокоды бар зауыттар балықты қайта өңдеп, Ресей мен Еуропа елдеріне жөнелтіп жатыр. Соңғы 4 жыл ішінде балық аулау көлемі 65 пайызға, оны қайта өңдеу көлемі 2,5 есеге артып, балық өнімдерінің экспорты 3 есеге өсті. Аймақ кәсіпкерлері көрші мемлекеттерде балық саудасының көрігін қыздырып жатыр. Мәселен, облыстық мәслихат депутаты Аманбай Ерхатов Ресей кәсіпкерлерімен бірлесіп Ульянов облысының Димитровград қаласында балық өңдейтін зауыт салды. Қазір ол Ресей рыногында белсенді жұмыс істеуде. Таяу жылдары жылқы, қой, сиыр еті, жүн, тері және бақша дақылдары (қауын-қарбыз) экспортқа шығатын өнімдер қатарына енеді. Өйткені, облыс диқандары бау-бақша мен майлы дақылдарды, картоп пен көкөністі өндіруге аса мән беруде. Өткен жылдан бастап бақша дақылдарын көршілес Ресейге экспорттау көлемі ұлғая түсті. Қалдықсыз өнімге саналатын мақсары – Қытай мен Иранда жоғары сұранысқа ие. Осыған орай майлы дақылдар егілетін егістік көлемі ұлғайды. Мысалы, 2014 жылмен салыстырғанда мақсары егістігі 8,3 есе ұлғайса, 2020 жылға дейін оның көлемі 20 мың гектарға жететін болады. Мақсарыға деген сұраныстың артуына байланысты өткен жылы мақсары майын өндіретін алғашқы зауыт пайдалануға берілсе, биыл тағы да бір май өңдеу цехын пайдалануға беру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда агроөндіріс, нақтылай айтқанда, мал шаруашылығы, көкөніс, бақша өндіру тиімді әрі пайдалы салаға айналды.
Облыста ауыл шаруашылығына қауіп болуы ықтимал сервистік дайындау орталықтарының болмауы, қайта өңдеу салаларының баяу дамуы агрокешеннің табысына кедергі еді. Сондықтан агрокартада агрокешенді одан әрі дамытудың шешуші мәселесі ретінде салалық сервисті дайындау орталықтарын шоғырландыру схемасын жасау ұсынылды. Қызылорда облысы шет мемлекеттермен тығыз сауда байланысын арттыруды көздеп отыр. Қазіргі күні облыстың өнім өткізу нарықтары қатарында Қытай, Ресей, Парсы шығанағы елдері, Еуроодақ елдері және Түркия бар. Осы елдерге экспортты қамтамасыз ету үшін биыл ет комбинатын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 10 мың қозыны бордақылайтын мал шаруашылығы кешені пайдалануға берілді. Иран, Ирак компанияларымен тірі қойды, мұздатылған қой етін экспорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құс фабрикасының құрылысы, өнеркәсіп жылыжайларын салу, томат пастасын өндіру жобасын жүзеге асыру да биылдың еншісінде. Облыста ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру белсенді жүріп жатыр. Бүгінде 60 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Олар 1232 жеке қосалқы шаруашылықтардың басын біріктіріп отыр. Осы уақытқа дейін 15 кооператив 1 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырылды. 274 отбасылық бордақылау алаңдары, 85 шағын отбасылық фермалар құрылды.
Тұтастай алғанда, агрокарта белгілеген шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 213 млрд теңгеге немесе 2,4 есеге (647 млн доллар) артатын болады. Сонымен бірге облыстың агроөнеркәсіп өнімін экспорттау көлемін 5 еседен астам арттырудың (2020 жылға дейін 320 мың тонна) әлеуеті бар. Ауыл шаруашылығында көкейкесті мәселе жетерлік. Оларды еңсерудің жолы көп. Агробизнесті дамыту бағытындағы агрокартаның кешенді жұмыстарының нәтижелі боларына сенім мол.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |