Облыс орталығында гандболдан өткен жарыста Қызылорда облысының командасы 3 дүркін ҚР Жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
547
0
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 80 жылдық тарихи кезеңінде математика және журналистика мамандықтары бойынша ІХ Республикалық пән олимпиадаларын өткізетін болады. Бұл – біздің университет үшін үлкен мәртебе, зор абырой. Өткен оқу жылында университет студенттерінің еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасындағы білім бәсекесінен топ жарып, үздік атануы білім ұясының республикалық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруына негіз болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
579
0
6-12 сәуір аралығында Қызылордада Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорт ойындары аясында гандболдан жарыстар өтті. Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
509
0
Қызылорда облысының өнерпаздары бұған дейін де халқымыздың қасиетті өнерін алыс және жақын шет елдерде паш етіп, талғамы биік көрермендердің ықыласына бөленіп келеді. Еліміздің барлық қалаларымен бірге, шетел асып ән шырқаған өнер иелерінің биылғы шығармашылық кеші туыстас Әзербайжан елінде жалғасуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
810
0
Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад президенттік сайлауға өзін ұсынды. Бұл туралы ИРНА агенттігіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
687
0
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру өте дұрыс қадам. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыстан кейін депутат Мәулен Әшімбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
1 053
0
Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылының №256 және №209 орта мектептерінде Жаңақорған ауданы прокурорының бірлескен жоспарына сәйкес ата-аналар мен оқушылар арасында «Біз қылмысқа қарсымыз» атты кездесу өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
855
0
«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 13-15 сәуіріне арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
497
0
Елімізде ақша үшін өзгенің перзентін 9 ай құрсағында көтеретін әйелдер көбейіп барады. Құрсақ аналар бұл қызметті 5 миллион теңгеге дейін бағалайтын болған. Көбі мұндай әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барады екен. Десе де, олардың бәрі құрсақ ана болып, оңай пайдаға кенеле алмайды. Өйткені, елімізде бұл әдіске заңмен рұқсат етілгенімен, қойылатын талап қатаң. Ал дін бойынша құрсақты жалға беруге мүлдем тыйым салынған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 сәуір 2017 г.
608
0
Жылқыны жаным сүйеді. Бала кезімнен бастап ат дүбірін естісем болды, делебем қозатын. Көшемнен көкпарын тартқылап жарыса шауып бара жатқанда, орнымнан тұрардай бойымда бір тылсым күш пайда болатын. Ер қанаты – ат. «Қазақ жылқы жанды» деп бекер айтпаған бабаларымыз. Өсе келе «Құлагерді» оқып, киносын сүйіп көрдім. Жылда «Алтын дəн» мерекесіне орай бәйге болатын. Соған бара алмасам, көрші тұратын Жақсылық көкеме барып бәйгенің бар қызығын аузынан кино көргендей, аузым ашылып, құмарта тыңдайтынмын. Сондай бір бәйгеден соңғы күннің ертеңіне Жақсылық көкем маған өзі келді. Ат жарысты ретімен тайдан бастап аламанға дейін қалай болғанын баяндап берді. Сонан соң сəл кідірді де «баяғы торы биені айтсаңшы» деді. Бұл Қазақ ССР-ның 20 жылдығына арналған облыстық бәйге болатын. Сырдария ауданының атынан, Шіркейлі ауылынан шыққан ауылымыздың үкілеп қосқан жалғыз сәйгүлігі торы бие еді. Қармақшыдан бір мықты Қарақасқа айғыр келеді де, буаз биеміздің бәйгенің алдынан көрінуіне қауіпті күшейтті. Сонда сейіске «енді не амал бар?» дегенде, торы биенің құлынын тастатуға кеңес береді. Құлағым елең етіп, үнсіз тыңдадым. Көкемнің əңгімесі бітпесе екен деймін.Тыңдап отырмын қалт етпей. Кенет көкем көзіне жас алды. «Әй, жануар» деді. Өзі совхоздың малы екен. Буаз болса да бəйгенің алдын ешкімге бермейтіні мені қайран қалдырды. Əрі қарай айта бастағанда менің көзім шоқтай жанып жүрегім ала-құла күйге енді. Сол əңгімені соңына дейін тыңдап, өз шамамша жыр жаздым.
ӘДЕБИЕТ
12 сәуір 2017 г.
2 192
0