
Облыс орталығында гандболдан өткен жарыста Қызылорда облысының командасы 3 дүркін ҚР Жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды.
Бәсі жоғары бәсекеге Астана, Алматы қалалары, Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты.
Жеті күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы үшінші мәрте Жастар спорт ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары еншілесе, қола жүлде Астана қаласының командасына бұйырды.
Сайыстың жеңімпаздары және жүлдегерлері арнайы дипломдармен, медаль – кубоктарға ие болды.