Гандболшыларымыз – 3 дүркін жеңімпаз

Гандболшыларымыз – 3 дүркін жеңімпаз 6-12 сәуір аралығында Қызылордада  Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорт ойындары аясында гандболдан жарыстар өтті. Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе,  Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты. 
Жеті күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы үшінші мәрте Жастар спорт ойындарының  алтын жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары еншілесе, қола жүлде Астана қаласының командасына бұйырды. 
Сайыстың жеңімпаз және жүлдегер командалары диплом, медаль, кубоктармен марапатталды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2017 г. 508 0