Полицейлер оқушылармен кездесу өткізді

Полицейлер оқушылармен кездесу өткіздіЖаңақорған ауданы Түгіскен ауылының №256 және №209 орта мектептерінде Жаңақорған ауданы прокурорының бірлескен жоспарына сәйкес ата-аналар мен оқушылар арасында «Біз қылмысқа қарсымыз» атты кездесу өткізілді.
Ауданда қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында жыл көлемінде АІІб-нің жеке құрамымен атқарылатын іс-шаралар жоспары жыл басында АІІб-і бастығымен бекітіліп, оның орындалуы жүзеге  асырылуда. Сонымен қатар, аудан әкімшілігі, білім беру бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасындағы топтасқан құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын-алу, оларды ыдырату бағытында бірлескен іс-жоспар жасалып,  аудан әкімімен бекітіліп, оны жүзеге асыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аудан көлеміндегі мектептерде ата-аналар мен оқушылар арасында    98 кездесулер, 6 рейд өткізілді. 
Есепті мерзімде әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықпен   60 жасөспірім жеткізілді.  
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 1-бөлігіне сәйкес 2 жасөспірімге кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде
болғаны   үшін  хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігіне  сәйкес 52 жасөспірімге кәмелетке  толмағандардың  заңды  өкілдерінің  еріп  жүруінсіз  түнгі  уақытта  тұрғын -жайдан  тыс  жерде жүргені  үшін ата-аналарына хаттама толтырылып, ескерту жасалды. 
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігіне  сәйкес 1 жасөспірімге кәмелетке  толмағандардың  заңды  өкілдерінің  еріп  жүруінсіз  түнгі  уақытта  тұрғын  жайдан  тыс  жерде жүргені  үшін ата-аналарына хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданған. 
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 2-бөлігіне  сай  1 жасөспірімге жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішкені  үшін ата-аналарына хаттама толтырылып, айыппұл салынды. 
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабына  сәйкес 1 азаматшаға - кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол бергені үшін  хаттама толтырылып, сотқа  жолданды. 
АІІб-нің ювеналды полиция тобында 6 қолайсыз отбасы есепте тұрады. Есепті мерзімде 10 жасөспірім  есепке  алынған. 
Аудан  көлеміндегі  мектептердің  жақын  жерлерінде  орналасқан  дүңгіршектерде  кәмелетке  толмағандарға  темекі  бұйымдарын  сататын  азаматтарды  анықтау,  кәмелетке  толмағандарға  темекі  өнімдері  мен  алкоголь  ішімдіктерін  сату  фактілерін,  білім  беру  ұйымдарында  оқушылар  арасында  темекі  шегу  фактілерін,  мекемелерде  темекі  шегу  үшін  бөлінген  арнайы  орындардың  бар-жоғын  анықтау,  темекі  және  темекі  бұйымдарын  жарнамалауға  тыйым  салу  мақсатында рейдтік жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2017 г. 854 0