Математикадан ІХ Республикалық пән олимпиадасы басталды

Математикадан ІХ Республикалық пән олимпиадасы басталды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 80 жылдық тарихи кезеңінде математика және журналистика мамандықтары бойынша ІХ Республикалық пән олимпиадаларын өткізетін болады. Бұл – біздің университет үшін үлкен мәртебе, зор абырой. Өткен оқу жылында университет студенттерінің еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасындағы білім бәсекесінен топ жарып, үздік атануы білім ұясының республикалық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруына негіз болды. 
Математика мамандығы бойынша бүгін басталған республикалық олимпиадаға еліміздің 14 жоғары оқу орнынан барлығы 42 студент қатысуда. Олардың әрқайсысы өзінің жоғары білім деңгейімен көзге түсіп, қатарластарын басып озған дарынды жастар. 
Білім додасын университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректор А.Т.Жүнісов ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Екі күнге созылатын сайыстың ережесімен университеттің физика және математика кафедрасының меңгерушісі Бақыт Қалиұлы таныстырды. 
Сондай-ақ бұл олимпиада белгілі академик А.Д.Таймановтың 100 жылдығы аясында өткізіліп жатқандығын да атап өткен жөн. 



 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2017 г. 578 0