Танымал әнші Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына түсіп, желіде қазір өмірі үшін күресіп жатыр деген ақпарат тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы әншінің фанпарақшаларының бірінде айтылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
1 095
0
Бүгін латын әліпбиіне көшу жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болат Әбдірәсілов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
513
0
Жаңа қаріп қашанда жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, ойды отарсыздандырады, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртады, мәдени тұтастықты орнықтырады, ұлттың қуатын арттырып, оның ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейді. Бұл тұрғыдан алғанда әліпби өзгерту ісі - өз қалауымен астана ауыстыру сияқты тарихи маңызы зор мәселе. Бұл кеше «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты аса маңызды бағдарламалық мақаласына орай жазған Дархан Қыдырәлінің пікірі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
475
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолғы мақаласы өте маңызды. Енді сөзден іске көшу керек, дейді қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов бүгін Алматыдағы «Достық үйінде» өткен зиялы қауым өкілдерімен кездесуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
583
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек» деп атап көрсетті. Қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау немесе оны ауыстыру – бұл жалпыхалықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мәселе. Сондықтан ол - саяси, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі проблема.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
1 367
0
Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанның үшінші жаңғыруына серпін беретін жаңа идеяларға толы. Әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласының өкілдері үшін жүктелетін міндеттерге берілген басымдық сала ғалымдарын серпілтіп тастағаны анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
9 378
0
8-12 сәуір аралығында Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
538
0
Қызылордалық 3 ардагерге «Мәскеу үшін шайқасқа 75 жыл» төсбелгісі берілді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. Майдангерлерге марапатты Ресейдің Алматыдағы бас консулы Алексей Демин табыстады. Кеңестер Одағының астанасын қорғауға жүздеген сырбойылық қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
529
0
Орта салмақтағы WBA (Regular) тұжырымының бұрынғы чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинмен екінші кездесуді ұйымдастыру қаншалықты мүмкін екенін айтып берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
511
0
Біз тәуелсіздік алған санаулы уақыттың ішінде Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында аңызға айналатындай зор табыстарға қол жеткіздік. Осындай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
581
0