Джейкобс: Головкин менімен екінші рет кездеспеуі мүмкін

Джейкобс: Головкин менімен екінші рет кездеспеуі мүмкін Орта салмақтағы WBA (Regular) тұжырымының бұрынғы чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинмен екінші кездесуді ұйымдастыру қаншалықты мүмкін екенін айтып берді.
«Головкин мен оның командасының жоспары бар екенін білемін. Геннадий қазір карьерасын аяқтауға жақын. Сондықтан да олар жақсы табыс тауып қалғылары келеді. Осы жағдайды назарға алатын болсақ, менімен екінші кездесу өткізуі оған тиімсіз. Ал «Канеломен» жекпе-жек өткізсе ол жанкүйерлерді де жинап, жақсы ақша да тауып қалады. Алайда мен 100 пайыз онымен кездесуге дайынмын. Егер GGG басқа қарсыластарды таңдайтын болса, мен оған ештеңе демеймін», - дейді Джейкобс Boxingscene.com порталына берген сұхбатында. Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын деп хабарлайды Vestі.kz.
www.24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 510 0