Баскетболдан дәстүрлі турнир аяқталды

Баскетболдан дәстүрлі турнир аяқталды8-12 сәуір аралығында  Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. 
Биыл 21-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан  16 команда қатысты. 
Жарыстың мақсаты – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының мектептен тыс уақытын тиімді өткізу, саламатты өмір салтын насихаттау және олардың  арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының командасы топ жарды. Екінші орынды Жаңақорған ауданының №110, үшінші орынды  Шиелі ауданының №270орта мектебінің оқушылары еншіледі. 
Ал қыздар арасында Қызылорда қаласының  «Мұрагер» дарынды балалар мектебінің оқушылар өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. Қалған орындарды Түркістан және Қызылорда қалаларының командалары бөлісті. 
Турнирдің үздік ойыншылары: 
Ислам Окуев (Қызылорда), Ерқанат Ибадулла (Жаңақорған), Фатима Шакирова (Түркістан), Жанна Кали («Мұрагер» мектебі). 
Үздік жаттықтырушылар: 
Александр Жавзмагин (Қызылорда), Диляра Мұсаева (Жаңақорған), Алексей Когай (Шиелі), Марина Шамшудинова (Түркістан), Ким Олег (Қызылорда), Дастан Жұбаназаров (Ақтөбе).
Үздік төрешілер: 
Марат Қоңқабаев (Қызылорда), Сайора Омарқұлова (Сырдария), Малика Омарова (Қызылорда).


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 540 0